freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыдағы оңалту орталығындағы зорлық: күдікті қамауға алынды

Оқиға
Алматыдағы оңалту орталығындағы зорлық: күдікті қамауға алынды
Фото: видеодан кадр

Алматыда оңалту орталығының тәрбиеленушісіне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада орталық қызметкерінің кішкентай баланың қолын қайырып, мойнынан қылқындырып, күштеп еңкейткен сәті көрінеді. Желі қолданушылары бұл жайтқа байланысты қатаң шара қолдануды талап етуде.

Алматы қаласының балалар омбудсмені Диана Ерлан қылмыстық іс қозғалғанын және қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жәбірленушінің анасымен байланыс орнатылған. Сондай-ақ Алматы қалалық психологиялық қолдау орталығы мен балалардың құқықтарын қорғау орталығы тарапынан қолдау көрсету ұсынылған.

Бұған қоса, Алмалы аудандық Полиция басқармасы оңалту орталығы қызметкеріне қатысты құқыққа қарсы әрекет фактісі бойынша тергеу бастаған. Жедел-тергеу шаралары нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда. Тергеу барысы Алматы қаласының Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу