Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматылық ер адам ChatGPT көмегімен сотта жеңіп шықты

Құқық
Алматылық ер адам ChatGPT көмегімен сотта жеңіп шықты

23 жастағы алматылық Кенжебек Исмаилов жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлды ChatGPT көмегімен алдырып тастаған. Бұл туралы ол Х желісінде жазды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

2023 жылы желтоқсанда Кенжебек Исмаилов ереже бұзғаны үшін 5800 теңге көлемінде (жеңілдікпен) айыппұл салынғаны туралы нұсқаулық алған, кейін оны төлеген. Алайда бейнебақылау жазбаларын көрген соң айыппұл заңды салынғанына күмәнданған.

Оның полицияға берген шағымы қанағаттандырылмаған. Бірақ Исмаилов сотқа жүгінген. Ол талап арыз және басқа да құжаттарды ChatGPT арқылы әзірлеген, нәтижесінде сотта жеңіп шыққан.

«Сотта ChatGPT көмегімен жеңіп шықтым», - деп жазды ол. 

Сот Исмаиловтың пайдасына шешім шығарып, айыппұлды жойды.

Енді ол азаматтық сотқа жүгініп, өтемақы алуды жоспарлап отыр. Алайда Алматы тұрғыны бұл ақша алу мақсатында емес, құқығын қорғау үшін екенін айтты.

Фото: pixabay.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу