БҚО-да 20 метр жолға 20 млн теңге қаржы жұмсамақ

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай мен Мырзақара арасындағы грейдер жолдың 10-15 метр жерін көктемде су шайып кеткен.

  • 07.06.2023

Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі оны қалпына келтіруге жол құрылысын жүргізуге ешқандай лицензиясы жоқ "Жәрдемғалиев" шаруа қожалығына берген. Арада ешқандай келісім шарттың жоқтығына қарамастан шаруа қожалық жол құрылысын жүргізіп, қоқыс төгетін полигоннан заңсыз топырақ тасыған. Шаруа қожалықтың бұл әрекетінен аудан шенеуніктері хабарсыз екендерін айтады.

Ащысай мен Мырзақара ауылының арасы небәрі екі шақырым. Мырзақара да - 18, Ащысай да - 535 адам тұрады. Осы екі ауылдың арасын жалғайтын грейдер жолдан бөлек, жанында жайын жол да бар.

Шыңғырлау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірхан Байғалиев грейдер жолды қалпына келтіруге біресе, 20 млн теңге қаржы бөлінді десе, біресе, жобалық-сметалық құжаттама енді жасалады дейді.

Фотода: Темірхан Байғалиев

Басында жобалық-сметалық құжаттама 20 млн теңгеге  жасалды. Бірақ жұмыс қазір тоқтап тұр. Өйткені жолдың су шайып кеткен жеріне сараптама жүргізу қажет. Енді жаңа  жобалық-сметалық құжаттама дайындап жатырмыз,- деді Темірхан Байғалиев.

Ол "Жәрдемғалиев" шаруа қожалығымен арада келісім шарт  болмастан жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат бергендерін айтады. "Жол құрылысын жүргізуге шаруа қожалықтың лицензиясы жоқ. Бірақ біз сонда да жолды қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз деп келістік. Алайда ешқандай жұмыс істелген жоқ. Тек су шайып кеткен жерге топырақ төседі,- дейді Темірхан Байғалиев.

Араларыңызда ешқандай келісім шарт болмаса, қаржы бөлінбесе, ол қалай жұмыс жүргізді?- деп тілші сұрақ қойған.

Бұл сауалға Темірхан Байғалиев: "Біз рұқсат бердік. Себебі ана жер сай, адам, мал түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан арада ешқандай келісім шарт болмаса да, жұмысты атқарды,- деп жауап берді.

Темірхан Байғалиев шаруа қожалықтың көң-қоқыс төгетін полигоннан топырақ тасығанын "естідім", бірақ "мүлдем хабарсызбын" деп отыр.

- Полигоннан топырақ тасыды деп айта алмаймын. Жолдың айналасын қырып-жырып, сол топырақты пайдаланды. Көң-қоқыс төгетін жерден тасып жатыр дегенді естідім. Бірақ өзім көрген жоқпын. Білмеймін,- деді Темірхан Байғалиев.

«Сіз ештеңе білмеймін деп отырсыз. Бұл өз жұмыстарыңызға деген немқұрайлық емес па?»- деген тілшінің сұрағына Темірхан Байғалиев нақты жауап бермеді.

 Ал Ащысай ауылының әкімі Жасқайрат Айсиев болса, қоқыс төгетін полигоннан топырақ алынғанын растады.

Бетіндегі бос топырақты алды. Ол топырақты кім алмайды? Оралдан тасымайды ғой енді? Мен ауылдың ақсақалдарын шақырып, "топырақты қайдан аламыз?" деп сұрадым. Сол кезде тұрғындар "көң-қоқыс төгетін алаңда қоқыс көбейіп жатыр. Содан кішкене алып, қазылған жерге қалдықтарды көмейік" деген ұсыныс айтты. Енді ауылдың әкімі ештеңе шешпесе, неге онда бізді сайлады?- деді ренішін білдірген Жасқайрат Айсиев.

Ол грейдер жолды өткен жылы да су шайып кеткенін, бірақ көп ештеңе істелмегенін айтты. Шыңғырлау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірхан Байғалиев былтырғы жылы осы грейдер жолды қалпына келтіруге 2 млн теңге қаржы жұмсалды деп отыр. "Бұл қаржығы су шайып кеткен жерге топырақ төсеу жұмыстары жүргізілді".

Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев полигоннан топырақ тасылғаны жөнінде қандай да бір факт болса, құзырлы органдармен бірге жұмыс жасайтынын жеткізді.

Жол саласының маманы, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жолдың 10-15 метр жерін қалпына келтіруге 20 млн теңге тым көп екенін айтады.

Бұл жерде де қаржы көп бөлінгелі отыр. Айналдырған 10-15 метр жерді қалпына келтіруге 20 млн теңге кетпейді. Өткенде айтқанымдай мұнда да жемқорлық фактісі болуы мүмкін. Сосын, шаруа қожалыққа жол құрылысын берулері де қате,- деді ол.

Ал эко-белсенді Дәуренбек Сахым қоқыс полигонынан топырақ алу заңсыз екенін айтты.

Көң-қоқыс төгетін жерден топырақ алуға мүлдем болмайды. Бұл - заңсыз әрекет болып есептеледі. Топырақ - арнайы рұқсат етілген карьерден алынады. Кез келген жерден қазып алуға қақылары жоқ. Жобалық-сметалық құжаттама жасалғанда топырақты қай карьерден алу керек екені көрсетіледі. Сол жерден ғана алынуы тиіс. Осы үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Рұқсат етілмеген жерден топырақ алу - қылмыспен пара-пар,- дейді Дәуренбек Сахым.

Біз грейдер жолына қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген "Жәрдемғалиев" шаруа қожалығының басшысы Қайрат Базарғалиевке хабарласқанбыз. Ол қойылған сұрақтарға кейін жауап беретінін айтқанымен кейінен қанша қоңырау шалсақ та, жауап бермеді.

Есенжол Елекенов,

Батыс Қазақстан облысы

Оқи отырыңыз: ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

 

 

Байланысты жаналықтар

Ақжайықтың дәрігерлері айтысып жатыр: Заңды белшеден басқан кім?(Видео)

20.10.2021

Министр С.Брекешов не істейді? Тасқала целлофанқала болғалы тұр

20.09.2021

Тасқалада Жолдауда айтылған спорт алаңы «жоғалып» кетті

15.09.2021
MalimBlocks
Ақжайықтың дәрігерлері айтысып жатыр: Заңды белшеден басқан кім?(Видео)

«Жалақымызды заңсыз қысқартып, аурухананың ақшасын өз қалтасына салып отыр».

Министр С.Брекешов не істейді? Тасқала целлофанқала болғалы тұр

Астанада қоршаған орта министрілігі бір ашылып, бір жабылып, одан қайта құрылып(қазірі атауы экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі), жаңа да ескі министрлікке жалынды ұранмен келген министрлер атқарған істеріне есеп берместен басқа қызметке ауысып кетіп жатқанда орталықты айтпағанда шалғайдағы ауылдың экологиясына дабыл қағатын жағдай туды.

Тасқалада Жолдауда айтылған спорт алаңы «жоғалып» кетті

Біреуі «біледі» дейді, енді біреуі «білмеймін» дейді. Шенеуніктер тілшіге неге өтірік айтты?