Коронавирустан кейін Шудың «шөбіне» сұраныс арта ма?

Алмас НҮСІП

  • 26.04.2020

Коронавирус пандемиясынан кейін әлем бұрынғыдай болмайды! Бұл болжам қазір көптеген саясаттаныушылар, сарапшылар, ғалымдар тарапынан өте сенімді түрде айтылып жүр. Соның ең бастысы – әлем дамудың жаңа дәуіріне өтер қарсаңда тұр (жасыл экономика?), сол себепті, коронавирустан кейін мұнай магнаттары нарықтан ығыса бастауы мүмкін.

Коронавирус қазірдің өзінде экономиканың жетекші салаларының бәріне әсер етіп үлгерді. Әсіресе мұнай. Құны тарихта болып көрмеген деңгейде арзандап, бағасы минут сайын көтеріліп-түсіп ойнап тұрған мұнай коронавирустан кейін де бұрынғы бағасына жете алмайды деседі. Жеткен күнде де көптеген өндіріс орындары осы арзан уақытты пайдаланып, ұзақ уақытқа жететін қор сатып алды, демек, жуық арада сұраныс арта қоймайды...

Сонда, мұнайдың арқасында экономикасын ұстап отырған елдер қайтеді? Олар үшін мұнайдың орнын не басады?

Сәл шегініс жасайық.

Мұнай магнаттарының пайда болуы көптеген өндірістердің тоқтауына әкеліп соқты. Соның ең негізгісі – бір замандарда заңды саналған, тіпті, ең жетекші ауыл шаруашылығы есептелген – конопля шаруашылығы. ХХ ғасырдың басында мұнайдың мол қорына қолы жеткен америкалық бизнесмендер – конопляның құрамындағы психотроптық заттарды бетке ұстап, оны өсіруді заңды түрде шектеуге қол жеткізеді. Әйтпесе, конопля шаруашылығы қазіргі мұнай ғана емес, өзге де шаруашылықтар беріп жүрген өнімдердің бәрін бір өзі беріп келген. АҚШ-та мұнай дәуіріне дейін (әсіресе ХVIIІ ғасырда) оны өсіру міндеттеліп, тіпті, бас тартқандарды түрмеге қамайтын заң болған. Мұнай өнідірісінің дамуымен бұл мүлде кері бағыт алып, енді, өндіргендерді соттайтын жағдайға жетеді. Сөйтіп, бір замандарда пайдасы ұшан-теңіз өсімдік ендігіде тек наркобизнес пен контрабанда төңірегінде ғана аталатын болды.

Мұнай сарқыла бастағанда, конопля шаруашылығы бұрынғы тағына қайта мінеді деген болжамдар бұған дейін де айтылған. Дегенмен, соңғы жылдары әлем экология туралы шындап ойлана бастаған тұста мұнай бағасының түсіп кетуі – конопляның қайта өрлеу дәуірінің басталуына түрткі болуы ықтимал.

Сөйтіп, бұл «шөп» мұнайға кеткен есесін ғана емес, экономиканың бүкіл саласындағы орнын қайтарып алуы мүмкін.

Оның ең алғашқысы – мақта шаруашылығы. Өндірістік конопля мен мақтаның өнімдерін салыстырғанда, конопля талшығы мақта талшығынан 10 есе берік болып шыққан. Және коноплядан өндірілген сүлгілер мен киімдердің адам денесіне пайдалы екені айтылады. Өйткені, мақтадан киім тігу үшін оған химикаттар қосуға тура келеді. Ал, конопля ондай қоспаларды талап етпейді-міс. Өндірісте көп қоспа талап етпейтіні сияқты конопля өсіру кезінде де көп күтімді қажет етпейді. Жер таңдамайды, климат талғамайды, жылына бір емес бірнеше рет оруға мүмкіндік бар... Демек, конопля өсіруге ресми түрде рұқсат берілсе, Қазақстан жағдайында, Арал теңізінің түбіне жеткен және жұмыс күшін орасан көп қажет ететін мақта шаруашылығы да мұнаймен бірге орнын конопляға босатып беруі ғажап емес. Аралдан ұшқан тұз-тозаң оның айналасындағы елдерге ғана емес, дүние жүзіне таралып жатқан уақытта, конопляның нарыққа шығуы – мақта шаруашылығын ығыстыруы әбден мүмкін.

Қағаз шаруашылығы. АҚШ парламенті қағаз өндіру үшін ағаш отауды қою керек деп, 1916 жылы мәселе көтерген. Әрине, оның орнын да конопля басады. Сол кездегі зерттеулер бойынша, қағаз өндірісіндегі өнім беру эквиваленті бойынша 1 гектар конопля – 4 гектар ағашқа тең. Және, кесілген ағаш қайта егілген күннің өзінде, 4-5 жылда қалпына әрең келеді, ал, конопля жылына бірнеше рет орылады. Осыған қарамастан, қағаз өндірушілер (ағаштан) мұнай магнаттарымен қосылып, ақыры конопляның (құрамы) зиянды екенін, соның салдарынан адамдарда агрессия, зорлық-зомбылық көбейгенін дәлелдеп, ақыры АҚШ парламенті пәрменімен бұл шаруашылықпен айналысуға мүлде тыйым салынды.

Конопля өсіру, әсіресе, патшалық Ресейде мықты дамиды. ХІХ ғасырдың аяғында Ресей империясы Еуропа өндірісіндегі конопляға сұраныстың 40%-ын қамтамасыз етіп отырған. Империя экономикасының негізгі тірегі – конопля шаруашылығы болған. Бұдан кейін империяның орнын басқан КСРО да конопляны ауылшаруашылығының негізгі саласының бірі ретінде қарастырған. Тіпті, әлемдегі конопля алқабының 4/5 бөлігін советтер өсірген. Тіпті, үздік өсірушілер КСРО Еңбек Ері атағын алған, өзге өсірушілерге көптеген жеңілдіктер жасалған.

1961 жылдан бастап есірткі ретінде жойыла бастаған бұл шаруашылық Қазақстанның Шу аймағында ғасырлар бойы өсіп келеді. Тіпті, өзгелердің коноплясынан әлдеқайда «күшті» бұл өсімдік әлемде сарапшылар күткендей өзгеріс болып жатса, Қазақстан экономикасына көмектесе ме? Әлде, «аспаннан киіз жауып жатқанда...» бүкіл әлемге рұқсат беріп, «сендердікі тым күшті» деп, өндіріске жаратпай тастай ма?

Жалпы, бұл «шөпті» шаруашылық ретінде қайта қолға алу Қазақстанда бұған дейін де айтылған. Медициналық мақсатта, ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде мемлекеттік қатаң бақылау астында өсірсе деп. Бірақ, оның құрамындағы каннабистің көптігі туралы ойламаған сыңайлы... Ал, былайша, мұнайдан түсетін пайдадан айрылған Қазақстан өзгерген әлеммен бірге «шөбімен» аты шыққан Шу алқабына қайта оралып жатса несі бар?..

Өндірістік мақсаттағы конопляны былай қойғанда, коронавирустан кейін каннабиске (марихуананың ресми атауы) деген сұраныс та артады деп болжапты сарапшылар. Осыған дейін заңды сұраныс 20 млрд доллар болса, коронавирустан кейін 31 млрд долларға жетеді деп болжануда. Диспансерлер тарапынан қазірдің өзінде сұраныс әлдеқайда ұлғайған. Осыған орай, баға да көтеріліп барады. Бұл енді медициналық мақсаттағы конопля «өнімі» туралы бейресми мәлімет.

Расында, пандемиядан кейін әлем адамзат тас дәуірінен бері пайдаланып келе жатқан конопля өндірісіне қайта оралуы мүмкін бе?..

Айтпақшы, тек экологиялық таза тауарлар өндіретін (25 000 түрлі зат!) конопля түрлі химиялық заттармен ластанған жерді тыңайты және тазалау үшін де өсіріледі. Демек, расымен әлем мұнайдан бас тарта бастаса, конопля оның қалдықтарын тазалау үшін де егіле бастайды деген сөз...

Байланысты жаналықтар

«Дружба» құбырынан ақау шықты: қазақстандық мұнай басқа желі арқылы тасымалдануда

02.12.2024

Путин Ресейдің ірі мұнай компанияларын өз қолына біріктірмек – шетелдік БАҚ

10.11.2024

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт арзандады

28.10.2024

Астанада 34 келіге жуық марихуана тәркіленді (ВИДЕО)

28.09.2024

Жамбыл облысында көлік жолаушысы 12 келі есірткімен ұсталды

26.09.2024

Роман Скляр ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамту бойынша кеңес өткізді

10.09.2024
MalimBlocks
«Дружба» құбырынан ақау шықты: қазақстандық мұнай басқа желі арқылы тасымалдануда

Зақымдалған желі бойынша мұнай тасымалдау тоқтатылды

Путин Ресейдің ірі мұнай компанияларын өз қолына біріктірмек – шетелдік БАҚ

Қазір үш ірі компанияны біріктіру мәселесі талқыланып жатыр

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт арзандады

Brent маркалы мұнай - 72,68 доллар, WTI маркалы мұнай - 68,52 доллар

Астанада 34 келіге жуық марихуана тәркіленді (ВИДЕО)

Оны 54 жастағы ер адам сақтаған

Жамбыл облысында көлік жолаушысы 12 келі есірткімен ұсталды

Тәркіленген есірткі заттарының қара нарықтағы құны - 7 млн теңге

Роман Скляр ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамту бойынша кеңес өткізді

Оңтүстік өңірлерде АИ-92, АИ-95 бензинін және дизель отынын тұтыну айтарлықтай өскен