Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құны 300 млн теңге тұратын жер заңсыз сатылып кеткен

Құқық
Құны 300 млн теңге тұратын жер заңсыз сатылып кеткен
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Алматыда «Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын жою» жобасы аясында прокуратура 1,7 гектар жердің заңсыз сатылуын әшкерелеп, 300 млн теңгеден астам залалдың алдын алды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

«Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын жою» жобасы аясында қала прокуратурасы Ақсай-1А шағынауданының тұрғындарының «Школьник» тұрғын үй кооперативінің әрекеттеріне қатысты шағымдары бойынша кешенді шаралар қабылдады.

Прокуратураның мәліметінше, 2014 жылы кооператив төрағасы үйлер жанындағы 1,7 гектар жер учаскесін заңсыз бөліп, оның бірнеше бөлігін үлестес тұлғаларға сатқаны анықталды. Заңсыз сатылған учаскілердің құны 300 млн теңгеден асады.

Аталған мән-жай бойынша аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі туралы қылмыстық іс тіркелді, жер қолданысына шектеу қойылды, кооператив қызметіне аудит жүргізілуде.

Сонымен қатар, басқа да бұзушылықтар анықталды: заңсыз жертөле жатақханалары, антисанитария, коммуналдық желілерге өз бетінше қосылу.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп:

10 жатақхананың қызметі тоқтатылды;

сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілеріне заңсыз қосылуды тоқтата отырып, 14 нұсқама енгізілді;

есепке алу аспаптары сәйкес келтірілді.

«Қабылданған шаралар қылмыстың санын 50%, қоғамдық тәртіпке қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтар санын 70% төмендетуге мүмкіндік берді. Осылайша, шағынауданның 15 мың тұрғынының құқықтары қорғалды.

Тұрғындар әділдікті қалпына келтіргені үшін алғыстарын білдіріп келуде.

Жобаның іске асырылуы бүкіл қала бойынша жалғасады.

Алматы қаласының прокуратурасы. Заң мен тәртіп – азаматтардың құқықтарын қорғауда», – делінген прокуратура хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу