Қазақстан боксының ардагері, аты аңызға айналған жаттықтырушы Рафаэль Гайсич Вахитовтың 98 жасқа қараған шағында дүниеден озуына байланысты оның отбасы мен еліміздің бокс қауымдастығына көңіл айтамыз, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Рафаэль Вахитов – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қызметкері және жаттықтырушысы.
Павлодар облысының тумасы болған ардагер бапкер өз өмірін түгелдей спорт саласына арнады. Ол ондаған жыл бойы ел боксының дамуына өлшеусіз үлес қосып, көптеген чемпиондар мен спорт шеберлерін тәрбиелеп шығарды.