Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан ауыр атлеттері 11 медаль жеңіп алды

Спорт
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан ауыр атлеттері 11 медаль жеңіп алды

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы жалпы есепте 11 медальға қол жеткізді. Оның үшеуі - алтын, төртеуі - күміс және тағы төртеуі қола медаль, деп хабарлайды Malim.kz.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті VI Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы ауыр атлеттер ойынының қорытындысын жариялады. 

Сонымен алтын медальдар иегері: 

Нұрғиса Әділетұлы (94 кг) — жұлқа көтеру, серпе көтеру және қоссайыс бойынша үш алтын.

Күміс медаль иегерлері: 

  • Едіге Емберді (79 кг) — серпе көтеруде күміс медаль,
  • Любовь Ковальчук (+86 кг) — жұлқа көтеру, серпе көтеру және қоссайыс бойынша үш күміс.

Қола медаль алғандар:

  • Едіге Емберді (79 кг) — жұлқа көтеру мен қоссайыста екі қола.
  • Аянат Жұмағали (77 кг) — серпе көтеру мен қоссайыс бойынша екі қола.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу