Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады

Malim Админ

  • 07.05.2025

Аустриялық Freedom for Eurasia ұйымы Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу жариялады. Оның ішінде Мәсімовтің делдал арқылы Қазақтелеком акциясына иелік еткені, Қазақстан елшілігі арқылы Наполеонның хаттарын сатып алғаны, АҚШ-тан бір топ дәрігерін алдыртқаны және ресейлік танымал астрологқа жүгінгені айтылады. Аzattyq.org  зерттеу авторы Томас Мейннан сұхбат алып, шенеунікке қатысты көлеңкелі істер жөнінде сұраған.    

Бес бөлімнен тұратын көлемді зерттеуде экс-шенеуніктің Айгүл Нұриева есімді азамат арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені айтылады. Бұл жайлы бұған дейін де жазылған болатын. Бірақ Freedom for Eurasia мұны құжаттармен дәлелдей алдық деп отыр.

Біз ұсынған құжаттарда жемқорлықтың нақты қалай жүзеге асқаны көрсетілген. Есептегі екі ірі жаңалықтың бірі – Мәсімов 2006 не 2007 жылдары қысқа уақытқа болса да "Қазақтелеком" компаниясының тікелей акционері болғаны. Яғни ол сол кезде жай ғана делдал арқылы емес, "Қазақтелекомда" нақты үлесі бар тұлға ретінде әрекет еткен. Сондай-ақ біз сипаттаған тағы бір жайт өте күмәнді акциялар трансфері болды. Үлесті сатуды Нұриева ұйымдастырған болуы мүмкін және одан түскен 25 миллион доллар Мәсімов пен "Нұр Отан" партиясына берілген пара болуы мүмкін. Меніңше, осы екі дерек – зерттеудің өзегі. Яғни, біз есеп арқылы қазақстандықтардың бұрыннан іштен біліп жүргенін нақты құжаттармен растауға әрекет еттік, - дейді зерттеу авторы Т.Мейн.

Зерттеушілер сондай-ақ Мәсімов Нұриева арқылы швециялық Telia телекоммуникация компаниясынан ондаған миллион доллар пара алған дейді. Бұдан бөлек, экс-шенеунік 97 500 евроға Наполеон Бонопарттың үш қолжазба хатын сатып алып, оны Қазақстанның Франциядағы елшілігі арқылы елге алдыртқан.

Зерттеуде пайдаланған электронды хаттардың бәрін есеп соңында сілтеме арқылы көрсеттік. Әр хатты жеке ашып көруге болады. Ол кезде Жан Ғалиев есімді азамат Франциядағы елшілікте жұмыс істеген. Ол Мәсімов отбасының жеке көмекшісіндей сол хаттарды Қазақстанға жеткізуге көмектескен. Бұл – Қазақстандағы клептократиялық жүйенің шынайы көрінісі. Батыста байлар күтуші, көлік жүргізуші жалдайды. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді жеке шаруасына жұмсай салады. Біз Ербол Орынбаев, Жан Ғалиев (Қазақстанның бұрынғы вице-премьері Ербол Орынбаев, Қазақстанның Португалиядағы елшісі Жан Ғалиев – ред.) сияқты есепте аты аталған тұлғалардың барлығына нақты сұрақтар жолдадық. Бірақ ешқайсысы жауап бермеді. Жауап беруге мүмкіндік болды, бірақ олар үнсіз қалуды жөн көрді,  - деп жауап береді Мейн.

Сондай-ақ АҚШ-тан бір топ дәрігер Қазақстанға арнайы келіп, Мәсімовті емдеп кеткен. Пациент бұған 313 мың доллар жұмсаған.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында қызметі өскен, соның сенімді адамы саналған Кәрім Мәсімов ресейлік астролог Павел Глобаның қызметіне жүгінгені де анықталып отыр. Freedom for Eurasia авторлары астрологтың бұл қызметіне 200 мың доллар төленгенін айтады.

Сонымен қатар зерттеуде Кәрім Мәсімов отбасы шетелдегі саяхатқа жүздеген мың доллар жұмсағаны, экс-шенеуніктің франциялық Airbus компаниясы мен Қазақстан арасындағы жемқорлық дауына қатысы бар екені, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырмақ болғаны айтылады.

Авторлар Батыс үкіметтерін Кәрім Мәсімов секілді азаматтарға санкция салуға шақырады.

Зерттеушілер Кәрім Мәсімовті Қазақстан билігі Қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы ретінде сипаттайды. Кемі 238 адам мерт болған қанды оқиға кезінде Мәсімов Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. Қаңтар оқиғасынан соң түрмеге жабылды.   

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Байланысты жаналықтар

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025

Әр қазақстандық жылына қанша келі қоқыс тастайды?

05.05.2025

Солақайлар бай болуға бейім келеді - ғалымдар

04.05.2025

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

03.05.2025

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

02.05.2025

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025
MalimBlocks
Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр

Әр қазақстандық жылына қанша келі қоқыс тастайды?

Солақайлар бай болуға бейім келеді - ғалымдар

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

Пәтерді жалға алушы азамат көз жұмған

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды