Орыс патшасы ноғайларды қалай қырып салды?

Ал біз 9 мамыр қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен ата-бабамызды мақтан тұтып, георгиевская лентасын тағып алып, мәз болып жүрміз. Шындығына келгенде Екатерина II патшайымы Суворов пен оның әскерін гергиевка лентасы бар марапаттармен марапаттаған.  

  • 02.05.2021

 

  Қазіргі күні Ноғай десе көз алдымызға Ресей құрамындағы саны 300 мыңға жетпейтін ұлт келеді. Олар Астрахань, Қазан, Кавказ, Омбы, Қобан (Кубань) аймақтарында шашырап мекен етеді. Негізгі көп бөлігі 500 мыңнан 2 миллионға дейін Ноғай — Түркия аймағында өмір сүреді деген дерек те айтылады.Оның да өзіндік себебі бар.

   Ноғай тарихын жазушы ноғай, орыс тарихшылары «Ноғай»  сөзінің қасына «ногайские казахи» деп «қазақ  атауын қосарлап жазады. Өйткені,  қазақноғай әуелден бір халық болған. Тіліміз бір, дініміз, діліміз бір. Үлттық музыкалық — қобыз,  домбыра сынды аспаптарымыз да ортақ. Жыраулық поэзияның негізін қалаушы Сыпыра, Асан Қайғы,  Қазтуған,  Доспамбет сынды бабаларымыз да екі елге ортақ тұлғалар. Осыған қарап ноғайды қазақтың төртінші жүзі деп санай берсе болады. Қазіргі ноғайдың құрамында — жалайыр, найман, қоңырат, қыпшақ сынды қазақ халқын құрап отырған тағы да басқа рулардың біразы бар.

Алтын Орда ыдырағаннан кейін Ноғай ордасы жеке ел болды.  Жері Ертіс өзенінен бастап қазіргі Румын жерінің біраз бөлігі, Кавказ тауларына дейін, Қара теңіз жағалаулары Ноғай ордасының меншігінде еді.  Әуелде қазақ халқының біраз бөлігі Ноғай ордасына қарап тұрды. Кейін Қазақ хандығы құрылған кезеңде Қазақ хандығының жері Жайыққа дейін кеңейді.  Ол Қазақ хандары мен Ноғай мырзаларының арасын қырғи қабақ жасағанымен жалпы халық бір-бірімен жаға жыртыспады. Бұрынғыдай қыз алысып,  қыз берісіп туыстық қарым-қатынас үзілмеді.  Кейіндеп қалмақ шапқыншылығы,  Орманбет ханның өлімі,  он сан ноғайдың мырзалары бас басына би болып, ноғай халқының әлсіреуі жағдайды қиындатып жіберді. 

 18 ғасырдың орта шенінен бастап Ноғай жеріне орыс патшалары көз алартуды шығарды. Олар Ноғайларды Орал өзенінің жағасына қоныстандырып, олардың атамзаманнан көшіп-қонған ата мекендеріне славян халықтарын қоныстандырмақшы болды. Дегенмен,  бұл жарғыға Ноғай халқы келісе қоймады,  қарсы шықты.  Орыс патшайымы орыс казактары мен қалмақ хандарын ноғайларға айдап салып, марараттап отырды. 1737 жылы Дундук хан мен орыс казактары Қобан аймағына шабуыл жасап,  Азаулыны қиратып бір қаланың тұрғынын түгелдей қырып тастайды. Сол кезгі дерек бойынша осы бір жорықтың өзінде 15 мың ноғайлы қаза болған деседі.

  1783 жылы Екетерина II ноғайларды Орал жазығына көшіру туралы жарлыққа қол қояды. Өйткені ноғайлардың жері Астрахан, Қобан, Қырымға әскери бекініс салуды, оған славян халқын еге етуді көздейді. Себебі, Парсыға, Осман империясына жақын маңызды аймақтың негізгі иелері ноғайлар сенімді емес көрінеді. Орысқа бағыныштылықты бірер ұлысы мойындаса да, бірақ қарсыласуын қоймайды.

1783 жылы Суворовқа ноғай халқын не күшпен, не қылыштың жүзімен жөнге келтір деген тапсырма беріледі. Ол өз әскерімен және казак жасақтарымен ноғайлардың негізгі күші шоғырланған Қобанға қарай бет алады. Жорыққа шығар алдында ноғайлар арасында «Суворов парсыға кетті», «анда кетті», «мында кетті» деген сыбыс таратқызады. Ол әскердің дымын шығармай, Қобанға жеткенше от жаққызбай, күндіз ұйықтап, түнде жүргізеді. Осылайша жан баласына сездірмей мысық табандап 31 қырқүйекте Қобаннан түстік жерде жатқан Керменшік деген жерде ноғайларды сыртынан қошауға алады. Олар түнімен аңдып жатып, 1-ші қазан күні ноғайлар таң намазына тұрған кезінде шабуылдайды. Соғыс түнге дейін болады. Сосын ноғайлар әлсіреп шегіне береді. Ертесі ноғайлардың қалған бөлігін талқандайды. Жер үшін ноғай халқының кей рулары түгелдей соңына тұяқ қалмай қырылады.

  Осы соғыста 500 мың ноғай мерт болады. Суворов әскері бала-шаға демей бәрін өлтіреді. 1 млн ноғай Осман империясына қашады. Далиған дала бос қалады. Көшпенділердің бір бұтағын орыс империясы осылайша қиып тастайды. Осы қырғынды Екатерина II-ге айтқан кезде ол балаша мәз болып, алақанын шапалақтап қуанған деседі

 

 

 Қазір ноғайлар 1-ші қазан күнін қаралы күн «ноғай геноциді» деп еске алады. Олар бұл күнді әлі күнге естерінен шығарған жоқ.

Ал біз 9 мамыр қарсаңында Екінші дүние жүзілік соғыста жеңіске жеткен ата-бабамызды мақтан тұтып, георгиевская лентасын тағып алып, мәз болып жүрміз. Шындығына келгенде Екатерина II патшайымы Суворов пен оның әскерін гергиевка лентасы бар марапаттармен марапаттаған. Ноғай ұлтын және барша түрік халқын аяусыз қырғаны үшін.  

Айбек Ережеп

   

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ағылшын тілін өзбек, қырғыздардан нашар біледі

24.01.2023

Қасиетті һәм қасіретті Қаракөл балығы неге құрттап кетті?

23.08.2021

Қазақтан неге Буффондар шықпайды?

07.05.2021

Қашаған жырау мен әлемнің жаратылуы

09.04.2021

Айбек Ережеп: Аққулар ұйықтағанда

25.02.2021

Доспамбет жырау өз ұлын неге өлтірді?..

15.02.2021
MalimBlocks
Қазақтар ағылшын тілін өзбек, қырғыздардан нашар біледі

Әлем бойынша ағылшын тілін меңгеруге қатысты зерттеу жарияланды.

Қасиетті һәм қасіретті Қаракөл балығы неге құрттап кетті?

Бала кезде туған жердің өзен-көлін аралап жүріп балық ұстаймыз. Үлкендерден балық жайын сұрасақ «Қаракөлдің балығын жеуге болмайды, ішінде құрт бар» дейтін.

Қазақтан неге Буффондар шықпайды?

Қақпашы Джанлуиджи Буффон Италия футбол  жұлдыздарының бірі ғана.  Италияда Буффондай таланттар неге көп? Қайдан шығып жатыр? Осы сұраққа жауап іздеп көрдік.   

Қашаған жырау мен әлемнің жаратылуы

Айбек Ережеп: Аққулар ұйықтағанда

Доспамбет жырау өз ұлын неге өлтірді?..