Қазақтан неге Буффондар шықпайды?

Қақпашы Джанлуиджи Буффон Италия футбол  жұлдыздарының бірі ғана.  Италияда Буффондай таланттар неге көп? Қайдан шығып жатыр? Осы сұраққа жауап іздеп көрдік.   

Айбек Ережеп

  • 07.05.2021

Италияда  балаларға арналған 6800 футбол клубтары бар екен. Оның ішінде 171 клубты италия футбол федерациясы ресми түрде мойындайды. Олар толық қанды жабдықталған, мемлекет өз қамқорлығына алған немесе үлкен клубтардың мемлекеттік талаптарға сай мектептері боп есептеледі.  Бұл мектептер біздің орта мектептің дәрежесінде сабақ оқытып, футболға басымдық береді. Италиядағы орта мектептердің оқушылары да бұл клубта оқитын балалармен толық қанды бәсекеге ие. Республикалық турнирлерге алдымен осы орта мектептердің оқушылары қатыстырылады. Бұл мектептің оқушылары «Ювентус», «Аталанта» секілді клубтардың академиясында оқып жатқан балалармен және арнайы футбол мектептерінде оқитын балалармен аудандық, облыстық жарыстарда тең дәрежеде бақ сынайды.

Ал,  2 637 мектеп «Танымал футбол мектептері» ретінде қаралады. Яғни, баланың бойындағы талантты толықтай ашуға қабілетті. Басшылары, дәріс берушілері бұрын кәсіпқой дәрежеде доп тепкен мамандар. Әлемге әйгілі футбол жұлдыздарын шығарумен танылған мектептер де бар. Бұларға жергілікті жердің оқушылары мен әлемнің әр түкпірінен қабілетті  балалар келіп оқи алады. Қалған 3 893-і негізгі жаттығуларды ғана үйрететін футбол мектептері ретінде қаралады.

 Үлкен футбол клубтарының (Интер, Ювентус, Милан) өздерінің футбол мектептері бар. Әйгілі футболшылардың ашқан жеке футбол мектептері де жетіп артылады. Әрине мықты мектептерде оқу ақылы болатыны даусыз. Кейде оқу ақысы балаңыздың қарым-қабілетіне де байланысты болмақ. Мысалы Римдегі әйгілі  «Тотти» футбол мектебінде бір жыл оқу құны 755 евро тұрады.

Бүгінгі таңда Италиядағы футболдың дамуына Италия ұлттық федерациясының техникалық департаменті тікелей жауапты. Олардың міндеттеріне  — ойын сапасын жақсарту, тиімді кадрларды даярлау, футбол мектептерінің сапасын арттыру, мамандарды, мұғалімдерді даярлау, тиісті әдістер бойынша зерттеулер, яғни, оқу-әдістемелік құралдарын жасау да осы департаментке жүктелген. Мұның ішінде төрешілерді даярлау да бар.

Италияда футбол бапкерлерінің 90 пайызы футбол тактикасы жөнінен кандидаттық диссертация қорғаған спорт саласының ғалымдары. Мысалы: ағылшынның клубы Челсидің экс-бапкері, бүгінде  Италиянының Интер клубындағы бапкер Антоио Конте — өзінің 3-4-3 сызбасына кандидаттық дессертация жазған адам. Яғни, «ғылым кандидаты» деген дәрежесі бар.

 Тағы да айта кетсек, Simax and Partners компаниясы Италия футбол клубтарының барлық мәселелерін шешуге, ұйымдастыруға және барлық қажетті құжаттарды дайындауға мамандандырылған. Италия мектептерінде жалпы футболдан білім беру ретінде жасалынып қойылған жүйелі тәсілдер мен әдістемелік кітапшалар бар.

Болашақ чемпионның қалыптасуы жас кезінде басталады, ал 10-12 жасында балалар әр позицияда тексеріледі. Футбол академияларына баланың табиғи ерекшелігіне қарай 9-10 жас шамасында іріктеу өткізе бастайды. Академияда оқыту өз ерекшеліктерін: 13 жасына дейін доп тебу шеберлігіне баулиды, 14 жасынан бастап физикалық мығымдылығына мән беріп, сондай-ақ допты ұстауға,  ашылуға мән берілсе, 15-16 жасында төзімділікке,  интуиция, тактика және қозғалыс арқылы ойнауға жаттықтырады.

 Италияда футбол оқушылары жастар арасындағы көптеген турнирлерге жүйелі түрде қатысады. Осы мектептерден жыл сайын ондаған кәсіби футболшы шығады. Футбол академиялары Милан, Перугия, Бергамо, Болонья және Ассисиде қалаларында көптеп шоғырланған.

Жалпы, Италияда жақсы футбол клубына кіру қиын болғанымен, жас футболшыға мүмкіндік берілген, яғни жеңілдік жасалған. Ол үшін кез-келген клубқа барсаңыз, өзіңізді көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл Италия футбол федерациясының талабы. Футбол мектебінің түлегі өзін кем дегенде бір ойында көрсетсе жеткілікті, егер дұрыс ойын көрсете алса, бірден футбол агенттерінің бақылауында болады. Негізі, өзін-өзі көрсету үшін кез-келген оушылар арасындағы жарыстарда көзге түссе де жеткілікті.

Қазақ футболының дамуы үшін де Білім және ғылым министірлігі мен  Мәдениет және спорт министірлігінің бірлескен оқу бағдарламасы керек-ақ. Біз балаларға қаптатып арнайы футбол мектептерін ашып бермесек те, орта мектептердегі бар базаны пайдалануымызға болатын еді. Қазақстанда оқушылар арасындағы футболдан аудан, облыс соңы республикалық мәреге алып келетін жоба қарастырылмаған.  Егер осындай жоба ұйымдастырылса, жастардың бұл спортқа деген ынтасы ашыла түсіп, таланттарды алыстан іздемей, өзімізден таңдап алуға мүмкіндік туатын ба еді.

Айбек Ережеп

   

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ағылшын тілін өзбек, қырғыздардан нашар біледі

24.01.2023

Қасиетті һәм қасіретті Қаракөл балығы неге құрттап кетті?

22.08.2021

Орыс патшасы ноғайларды қалай қырып салды?

02.05.2021

Қашаған жырау мен әлемнің жаратылуы

09.04.2021

Айбек Ережеп: Аққулар ұйықтағанда

25.02.2021

Доспамбет жырау өз ұлын неге өлтірді?..

15.02.2021
MalimBlocks
Қазақтар ағылшын тілін өзбек, қырғыздардан нашар біледі

Әлем бойынша ағылшын тілін меңгеруге қатысты зерттеу жарияланды.

Қасиетті һәм қасіретті Қаракөл балығы неге құрттап кетті?

Бала кезде туған жердің өзен-көлін аралап жүріп балық ұстаймыз. Үлкендерден балық жайын сұрасақ «Қаракөлдің балығын жеуге болмайды, ішінде құрт бар» дейтін.

Орыс патшасы ноғайларды қалай қырып салды?

Ал біз 9 мамыр қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен ата-бабамызды мақтан тұтып, георгиевская лентасын тағып алып, мәз болып жүрміз. Шындығына келгенде Екатерина II патшайымы Суворов пен оның әскерін гергиевка лентасы бар марапаттармен марапаттаған.  

Қашаған жырау мен әлемнің жаратылуы

Айбек Ережеп: Аққулар ұйықтағанда

Доспамбет жырау өз ұлын неге өлтірді?..