Қазақтар ағылшын тілін өзбек, қырғыздардан нашар біледі

Әлем бойынша ағылшын тілін меңгеруге қатысты зерттеу жарияланды.

Айбек Ережеп

  • 24.01.2023

Швейцарияның  EF ұйымы жыл сайын ағылшын тілін меңгеруге қатысты зерттеу жариялап тұрады.

«2022 жылғы рейтингте Қазақстан 111 елдің ішінде 99-орынға тұрақтап, ТМД елдер арасында соңғы орынның алдында болды» деп жазады kzlg.media.

Осындай рейтингті анықтайтын ұйымның тестін әркім өз еркімен интернет арқылы тапсырады.  Тест талаптары қиын да емес, оқу мәнері мен ауыз екі сөйлеуі есепке алынады. Сосын «өте жоғары» мен «өте нашар» деңгейі арасында баға қойылады ( өте нашар деңгей B1 мен А2, өте жоғарысы С1).

Зерттеуге әлем бойынша 2 миллион адам қатысқан. Қатысушылардың орта жасы - 25. Сондай-ақ, зерттеу есебіне қатысушы саны 400-ден асқандардың қаласы мен мемлекеті ғана енген.  

Қазақстанға келсек, алдыңғы жылмен салыстырғанда былтыр көрсеткіш нашарлай түскен. 2021 жылы 112-нің ішінен 96-орын алса, былтыр үш орынға төмен сырғып, Гаити мен Сомали елдерінің ортасында қалған.

Жалпы, ағылшын тілін білу деңгейіне қатысты  EF  ұйымы зерттеуінде Қазақстан 2011 жылдан бері тұрақты түрде «өте нашар» бағасымен рейтингтің соңында жүр.  

Ал Қырғызстан бір жылдың ішінде 101-ден 91-орынға жоғарлап алған. Ал Өзбекстанның рейтингтегі орыны – 89. Яғни, Қырғызстан мен Өзбекстан «төмен» деген деңгейге сәл ғана жетпей тұр.

Ел ішіндегі жағдайға келсек, Алматы, Павлодар мен Астана алда тұр. Ағылшын тілін меңгеруде 800 балдан 466, 456 және 455 бал алған.

Ал ағылшын тілін ең нашар білетіндердің алдыңғы шебінде Маңғыстау, Қызылорда және Қарағанды облыстары жүр (800 балдан 387, 383 және 383 бал алған).
ТМД құрамындағы елдерде тіл білу мен үйренуде бастапқыда бірдей мүмкіндік болған. Алайда, 30 жыл ішінде Еуропаға жақын Беларусь, Украина, Ресей, Грузия және Армения елдері ағылшын тілін меңгеруде ТМД шеңберінде алдығы шыққан. Ал әлем бойынша олардың ағылшынша сөйлеу деңгейі орташа. Орталық Азия сөйлеуі өте нашар.

(Басты бетте көрнекі фото: Erneo fotogfaff)

Байланысты жаналықтар

Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті

28.11.2024

Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді

13.09.2024

Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлері Конгоның тау-кен саласын зерттеуге дайын екенін мәлімдеді

02.08.2024

«Қан ағызатын ойығы бар»: Қарағанды облысында сақ дәуіріне жататын қанжар табылды

25.06.2024

Аштық туралы деректер 2042 жылға дейін ашылмайды

01.06.2024

Белгілі ғалым алғашқы адамдар түркі тілінде сөйлегенін мәлімдеді

13.05.2024
MalimBlocks
Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті

Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді

Қаржы жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, зерттеулер жүргізуге бағытталады

Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлері Конгоның тау-кен саласын зерттеуге дайын екенін мәлімдеді

Темір, фосфат, боксит және басқа да сирек кездесетін минерал кеніштерін барлау және игеру үшін бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

«Қан ағызатын ойығы бар»: Қарағанды облысында сақ дәуіріне жататын қанжар табылды

Қорғандарды зерттеу арқылы ғалымдар ежелгі жерлеу рәсімдерін қадағалай алады.

Аштық туралы деректер 2042 жылға дейін ашылмайды

Журналист, тарихшы Сағат Жүсіп біраз уақыттан бері 1920-33 жылдары қазақты қоғадай жапырған ашаршылық нәубетін зерттеп келеді.

Белгілі ғалым алғашқы адамдар түркі тілінде сөйлегенін мәлімдеді

«Бірақ ат-атағым жоқ болғандықтан оны бірден жар салып айта алмадым...»