Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жарылыс болды

Қоғам
Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жарылыс болды
Фото: видеодан скрин

Жамбыл облысында орналасқан «НДФЗ» фосфор зауытында жарылыс пен өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда зауыт аумағынан түтін мен жарылыстың байқалғаны көрінеді.

Облыстық ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай бүгін сары фосфор сақталған қоймада болған. Веществоны құю кезінде ол төгіліп, ауадағы оттекпен әрекеттесіп тұтанып кеткен. Өрт дереу сөндіріліп, зардап шеккендер мен тұрғындарға қауіп жоқ екені хабарланды.

Экология департаментінің мамандары ауаның құрамын өлшеп, азот диоксиді мөлшерінің шекті нормадан асып кеткенін анықтады. Қазір зауытта жоспардан тыс тексеріс жүргізілуде, ал оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу