Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Гран-при кезеңінде 2-орын алды

Спорт
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Гран-при кезеңінде 2-орын алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша Софья екінші орында тұрған болатын. Нәтижесінде ол өз орнын сақтап қалды.

Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 132,25 ұпай жинап, үшінші нәтиже көрсетті.

Жалпы сомада Самоделкина 200 ұпай жинап, турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

Ол тек жапондық Каори Сакамотоға ғана жол берді — 227,18 ұпай. Үшінші орынды Бельгия өкілі Луна Хендрикс иеленді — 198,97 ұпай.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу