Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елге танымал ұстаз Оқу ағарту министріне шұғыл үндеу жасады

Білім-ғылым
Елге танымал ұстаз Оқу ағарту министріне шұғыл үндеу жасады
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Белгілі педагог Азамат Сәмбетқұлов сынып жетекшілерінің еңбекақысына қатысты өзекті мәселені көтеріп, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға ашық үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, қазіргі кезде сынып жетекшілерінің еңбекақысы олардың атқарып жүрген ауыр әрі жауапты жұмысына сай емес.

"Құрметті министр ханым! Сынып жетекшілеріне төленетін жалақыны елдегі ең төменгі жалақы мөлшеріне – шамамен 85 мың теңгеге теңестіріп, бұл қызметті жеке штат ретінде қарастыруды сұраймын. Себебі сынып жетекшілері айына 4-5 рет сынып сағатын өткізеді. Әр сағаттың құнын орта есеппен 5 мың теңге деп алсақ, ең кемі 20-25 мың теңге көлемінде ақы алуы керек", – дейді Азамат Сәмбетқұлов.

Сонымен қатар педагог сынып жетекшілерінен талап етілетін құжаттардың көптігі мұғалімдердің жұмысын ауырлатып отырғанын айтты.

"Әр тексеру сайын түрлі құжаттар сұралады. Бұл мұғалімдердің уақытын алып, жүйкесін қажытады. Ал сынып жетекшісі өз сыныбындағы әр оқушының тағдырына, тәрбиесіне жауапты екенін ұмытпауымыз керек. Ол сол үшін жеке уақыты мен отбасына арналған уақытын да сарп етеді", – деп атап өтті ұстаз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу