Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оңтүстік Африка билігі Трамптың айыптауларын жоққа шығарды

Әлем
Оңтүстік Африка билігі Трамптың айыптауларын жоққа шығарды
Фото: Jerome Delay/AP Photo/picture allianc

Оңтүстік Африка Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың елде ақ нәсілділердің құқықтары бұзылып жатыр деген мәлімдемесін теріске шығарды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Ведомство мұндай айыптаулардың ешқандай нақты дәлелге негізделмегенін және қоғамды жаңсақ пікірге жетелеуі мүмкін екенін айтты.

«Бұл қауымдастыққа қысым көрсетіліп жатыр деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды», – деді ОАР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Криспин Фири 8 қараша күні жасаған мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, ел билігі нәсілдік теңдік пен кемсітушілікке жол бермеу қағидаттарын ұстанады.

Бұған дейін Дональд Трамп Оңтүстік Африка билігін ақ нәсілді азаматтардың құқықтарын бұзды деп айыптап, АҚШ өкілдері Йоханнесбургте өтетін G20 саммитіне қатыспайтынын мәлімдеген еді. «Адам құқықтары бұзылғанша, ешбір америкалық мемлекеттік өкіл бұл саммитке бармайды», – деп жазды ол Truth Social желісінде.

Трамп сондай-ақ саммитті «ұят жағдай» деп атап, африканерлер – голланд, француз және неміс тектес қоныстанушылардың ұрпақтары – «өлтіріліп, олардың жері мен фермалары заңсыз тартып алынып жатыр» деп мәлімдеген болатын.

ОАР Сыртқы істер министрлігі мұндай айыптаулар елдің беделіне нұқсан келтіреді және шынайы жағдайды бұрмалайды деп мәлімдеді. Ведомство шетелдік саясаткерлерді расталмаған ақпарат таратпауға және Оңтүстік Африканың барлық азаматтарының құқықтары тең қорғалатынын мойындауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу