Қашаған жырау мен әлемнің жаратылуы

Malim Админ

  • 09.04.2021

Әлемнің жаралуының басы бар ма? Аяғы бар ма? Дүние қалай жаралды? Осы сұрақтар кез-келген адамның басын өмірінде бір рет болса да солқылдатқаны рас шығар. Бұл сұраққа көктен түскен төрт кітап өзінше жауап берсе, осы жолда адам баласы бір сәтке болсын ізденісін тоқтатқан емес.  Адам жаралғалы бері түрлі аңыздар шығарып, өздерінің түрлі фәлсафасын тудырды. Ғылым мен білім дамыған сайын аңыздан гөрі нақтылыққа қадам басты. Ақихатты аспаннан іздеген түрлі телескоптар ойлап табылды. Обсеруаториялар салынды. Аузына адамзат баласын қаратқан ғалымдар да аспанға қарап жаратылыстың сырын ашсам деп күлкі беріп, қайғы алды. Дүниенің түкпір-түкпірінде қазірдің өзінде қанша ғалым көз майын тамызып, көкке үңіліп отыр.

Ең алғаш Белгиялық физик Жорж Леметр – ғалам кеңіп бара жатыр деген болжам жасады. 1929 жылы америкалық астраном Эдуин Хаббл – ғаламның одан сайын кеңіп, галлактикалар бір-бірінен алыстап бара жатқанына нақты көз жеткізді. Оның анықтауынша ең алыс жатқан галактикалар ең жылдам қозғалысқа ие екен. Олардың бәрі соңына қызыл бояу шашып бара жатыр. Физикалық заңдылыққа сәйкес сізге қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік көгілдір түске боянып келе жатса, сіздің қасыңыздан өте бере қызыл түске бояна кетеді. Осыған байланысты ғалымдар бұрын бүкіл галактикалар бір нүктеден бастау алған деген тұжырымға тоқтаған.

Осыдан кейін ғаламның кеңу жылдамдғын анықтайтын Хаббл-Леметр заңы пайда болады. Орташа есеппен алғанда ғалам секундына 70 км жылдамдықпен кеңуде, әрбір 3,26 миллион жарық жылы сайын оның жылдамдығы арта түседі.

Сонымен, бәрі қалай басталды. Қазіргі ғалымдар ғалам осыдан 13,799 млрд жыл бұрын пайда болды дейді. Ал бұдан бұрын ештеңе болмаған. Уақыт та, жұлдыздар да, тіпті кеңістік те болмаған. Егер уақытты ең соңғы нүктесіне дейін айналдыратын болсақ, мына бүкіл аспан әлемі, бүкіл галактика, жұлдыздар шоғыры ең әуелі тарыдан да кішкентай, атомның көлеміндей заттан пайда болады.

Басынан бастайық, кеңістікте, ештеңе де жоқ жерде аяқ астынан атомның көлеміндей, өте тығыз, іші энергияға толы зат пайда болып, ол сұмдық жылдамдықпен үлкейе бастайды. Мұны ғылымда «Жойқын жарылыс» теориясы деп атап кеткен. Біз бәріміз осы көзге көргісіз кішкентай нүктенің ішінде болғанбыз. Ол таза энергиядан тұрған, оның ішіндегі энергия дәлме-дәл тепе-теңдікті сақтаған. Қазір де ғаламда энергия тепе-теңдікті сақтап тұр. Ғаламның бүкіл  жері бірдей қашықтықта нысандармен толтырылған және қай жеріне бармаңыз бірдей температурада. Қазір ғалымдар жойқын жарылыстан бұрын не болды? Ғаламның шегі бар ма? Ол дөңгелек пе, жоқ жалпақ па? Осы төңірегіндегі сұрақтарға жауап іздеп жатыр.

Жойқын жарылыстан кейін ғалам аса жылдамдықпен кеңіп, кеңістікке бұлты газ тарады. Ғаламның алқашқы секундында оның  температурасы 100 млрд градусқа тең еді. Артынан ғалам кеңіген сайын ақырындап суи бастады.

Ғалымдардың айтуы бойынша ғалам пайда болған алғашқы уақытта пайда болған бірінші элемент ол – сутегі болған. Артынша гелий пайда болды. бүкіл элементтердің бұл екеуі негізі болып саналады. Бұлардан бұрын басқа элементтердің пайда болуы мүмкін емес те еді. Себебі, бұл екеуі элементтердің ішіндегі ең жеңілі. Бүкіл жұлдыздардың құрамы осы екуінен тұрады.

Енді, біз тақырыпта айтқандай бұған Қашаған ақын қатысы туралы әңгімелесек. Қашаған Күржіманұлы  1841 жылы Түркіменстанда дүниеге келген. Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінен табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атайды.  Өзі суырып-салма ақын, жырау, халық тарихы мен шариғат қағидаларын жақсы білген сауатты адам болған.

Қашаған ақын өзінен жасы үлкен, өнердегі ағасы Нұрым жырауды үш рет іздеп барып таба алмайды. Ақыры екеуі бір тойда кездеседі. Жас ақынның алымын байқау үшін сол жерде Нұрым жырау үш-төрт сұрақ қояды. Сол сұрақтардың бірі дүниенің жаратылысына қатысты еді. Содан үзінді келтірейін.

Нұрым жырау:

Бір-екі сөз сұрайын,

Ақылға кәміл данадан.

Бала білсең хабар бер,

Дүрегелі Хауа анадан.

Қанша заман өтті арадан?

 

Естіп пе едің, дүниенің,

Басы неден жаралған?

Жер менен аспан бұл не зат?

Мақұлық қалай таралған?

Адам, лаухы кәләмнің,

Баршасы неден жаралған?

Өлгенге мансұқ неше аят,

Анау отыз парадан?

 

Қашаған:

Жұмаққа барар тергеусіз,

Алласы анық қалаған.

Дүниенің басы әуелден,

Меруерт тастан жаралған,

Меруерт тас еріп су болған,

Судан түтін, бу болған.

Аспан жер содан жаралған.

Он сегіз мың ғалам болғанда,

Үш бөлім болып таралған.

Алтауы болар жәмадат,

Алтауы болар нәбәдат,

Алтау болар хайуанат,

Үш алтыны қоса ғой,

Он сегіз мың жан болад.

Білмеген адам таң болад,

Шариғат заңы бойынша,

Қазасы жеткен адамға,

Қаулы намаз, ысқат шарт.

Нұреке енді тілің тарт.

Айтыс осылай жалғасып кете береді. Осы айтысты тыңдап отырып ғалымдардың жиырмасыншы ғасырда үздік техналогиялардың көмегімен ашып жатқан жаңалықтарын, көшпенді ғұмыр сүрген аталарымыз қалай білген деген таңданыс болды. Мен бұл айтысты осыдан он жыл бұрын тыңдағам, ол кезде бұрынғы кісілер, әсіресе ел таныған өнер адамдарының қаншалықты биік тақырыпта әңгіме айта алғандары ойымнан кетпей жүрген. Кейін Стиуен Хокиңнің кітаптарын оқып отырып осы тақырыпқа бір соға кеткім келді. Қазір ғылым-білімнің дамыған, адамдардың арасында сауатсызы жоқ уақытта ел алдында жүрген адамдар осы дәрежедегі әңгімені айта ала ма деген күмәнді сұрақ туады. Егер біз бұл кісілерден асырып, арғы-бергіден ғылым тілінде сұхбат құра алмайтын болсақ, онда біздің әріп танығанымыздан не пайда. Әріп тану – ғашығыңнан келген хатты оқу үшін ғана керек емес қой.

Нұрым жырау солай сұрақ қойды. Сұрақтың өзі жәй сұрақ емес, қазіргі ғылым енді жауабын тауып жатқан, мықты физик, астраном ғалымдарға қойылатын сұрақ. Сұрақ алушы айтыстың басында «жас күнімде естіген біраз нәрселерім бар еді, үлкейгесін естен шыға бастапты. Соны сенен сұрап алайын» деп сөз бастайды. Арғы жағында, ақын деген атты арқалап жүруге лайықты адам ба, соны сынап біліп алмақ. Сұрақтың сойынан үлкен интелектуалдың болмысы көрінеді. Қашағанның Нұрым жырауды үш рет іздеп баруының себебі де осында жатқандай.

Жауап қандай, әрі дәл, әрі нақты. Кез-келген физикке, астраномға осы сұрақты қойыңыз қазір, айналдырып келіп Қашағанның жауабын айтады. Мектебі жоқ, Университеті тағы жоқ қоғамда мұны қалай білді. Арғы жағы дін, бергі жағы шығыс аусебаториялары, орта ғасырдағы шығыс ғұламаларының сәулесі жатқаны анық аңғарылып тұр. Осыдан кейін, қазақта талданбай жатқан, талданса талайды таңдандыраты тұлғалар көп екеніне көзім жетті. «Біз көзін ашпасақ, қазақ жабайы болған» деп көпіретін отаршылардың аузына қақпақ болатын талай дүниеміз бар ғой. Бірақ, көрсете алмай жатырмыз. Мүмкін, олар біздің өткенімізді соншалық қараңғы қылып көрсеткен шығар, біз сенген шығармыз.  Біз электр тоғын ойлап таппаған шығармыз, бірақ, теңдессіз туыстық байланыс пен гендік тазалықты ойлап тапқан елміз. Оған ешкім талас тудыра алмайды.

Айбек Ережеп

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ағылшын тілін өзбек, қырғыздардан нашар біледі

24.01.2023

Қасиетті һәм қасіретті Қаракөл балығы неге құрттап кетті?

22.08.2021

Қазақтан неге Буффондар шықпайды?

07.05.2021

Орыс патшасы ноғайларды қалай қырып салды?

02.05.2021

Айбек Ережеп: Аққулар ұйықтағанда

25.02.2021

Доспамбет жырау өз ұлын неге өлтірді?..

15.02.2021
MalimBlocks
Қазақтар ағылшын тілін өзбек, қырғыздардан нашар біледі

Әлем бойынша ағылшын тілін меңгеруге қатысты зерттеу жарияланды.

Қасиетті һәм қасіретті Қаракөл балығы неге құрттап кетті?

Бала кезде туған жердің өзен-көлін аралап жүріп балық ұстаймыз. Үлкендерден балық жайын сұрасақ «Қаракөлдің балығын жеуге болмайды, ішінде құрт бар» дейтін.

Қазақтан неге Буффондар шықпайды?

Қақпашы Джанлуиджи Буффон Италия футбол  жұлдыздарының бірі ғана.  Италияда Буффондай таланттар неге көп? Қайдан шығып жатыр? Осы сұраққа жауап іздеп көрдік.   

Орыс патшасы ноғайларды қалай қырып салды?

Ал біз 9 мамыр қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен ата-бабамызды мақтан тұтып, георгиевская лентасын тағып алып, мәз болып жүрміз. Шындығына келгенде Екатерина II патшайымы Суворов пен оның әскерін гергиевка лентасы бар марапаттармен марапаттаған.  

Айбек Ережеп: Аққулар ұйықтағанда

Доспамбет жырау өз ұлын неге өлтірді?..