Президент жүктеген міндет. Қорғаныс саласындағы нәтижелі қадамдар

Заңның қатаң сақталуы, оны қадағалау, темірдей тәртіпке бағыну сынды ерекше міндеттер жүктелді

Malim Админ

  • 16.09.2024

Жаһан бойынша қазіргі уақытта мемлекеттердің біртұтастығын сақтау – аса маңызды міндет. Тәуелсіздік алғалы бері елдің қорғаныс саласы мен қарулы күштері қоғамда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып келе жатыр. Мемлекеттің геосаяси жағдайы, әлемдік қауіпсіздік мәселелері мен ішкі тұрақтылықты сақтау Қазақстанның қорғаныс жүйесінің тұрақты дамуы мен нығаюын талап етеді.


Қуатты қарулы күш, әскердің әлеуетті болуы, қорғаныс саласының мықшегедей мығым болып қалыптасуы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа жолдауында осы маңызды саланың өзекті мәселелері қозғалды.  Әсіресе заңның қатаң сақталуы, оны қадағалау, темірдей тәртіпке бағыну сынды ерекше міндеттер жүктелді.  Отан алдындағы борышын адал атқару үшін, елдіктің мызғымай тұруына қомақты үлесін қосу ниетімен ел жастары әскерге көптеп барып жатыр.  2023 жылғы Қорғаныс министрлігінің статистикасына назар салсақ, 38 мыңға тарта азамат әскер атанып, жауынгер  санатына енген. Сарбаздардың 16 мыңға жуығы Қарулы күштердің қатарынан көрінген. Солардың жиырма бір мыңы  Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бағынысты Шекара қызметіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық ұланға  қызметке орналасқан.   Ал биыл 40 000-ға жуық адам отан алдындағы борышын өтейді деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда үлкен көрсеткіш. 18 бен 27 жас шамасындағы еліміздің әрбір саналы азаматы көктем мен күзгі мезгілде әскерге шақырылады. Сарбаз атанып, мемлекеттің ішкі, сыртқы қауіпсіздігін сақтауға бейілді жандардың саны артуы бекер емес. Қорғаныс министрлігі тарапынан әскерге баратын жастарға жасалатын әлеуметтік көмек, қолдаулар көбейді. Мәселен, Отан алдындағы межелі міндетін өткеріп қайтқан қазақстандықтар жоғарғы оқу орындарына ақысыз білім ала алады. Оларға 2023 жылдан бері арнайы гранттар бөлінуде. Бір пайдалы тұсы, сарбаздардың ұлттық біріңғай тестілеу кезеңдерінде жинаған ұпайы есепке алынған болып саналмайды.  Егер олардың берешегі, яғни мойнында кредиті болса жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі қарастырылып отыр.  Тағы бір оң үрдіс – әскерге шақырылып, ел алдындағы парызын ойдағыдай өтегендерге кредиттік демалыс беріледі. Осы жылы мұндай әлеуметтік сипаттағы жәрдемді бес мыңнан көп сарбаз алғаны белгілі. 2 миллиардқа жетеқабыл теңге кредиті кейінге қарай шегерілген. Басқа да әскери қызметшілердің жолдаған өтінімдері қарастырылу үстінде. Сонымен қатар, грант иеленген жауынгерлер шәкіртақыға да қол жеткізеді. Жайлы орын – жатханаға орналасу жағынан да еш кедіргіге ұрынбайды.   Бұл аз десеңіз, ешқандай конкурсқа түспей-ақ әскери кафедрада оқуға жол ашық. 

Әскерлердің қауіпсіздігі мен олардың кәсіби деңгейін көтеру Қазақстанның қорғаныс саласының басты мақсаттарының бірі. Бұл бағытта ел үкіметі бірнеше маңызды қадамдарды жүзеге асырып келеді. Соның бірі - жеке құрамды оқыту. Бұл дегеніміз әскери қызметшілердің білімі мен дайындығын арттыру үшін халықаралық стандарттарға сай оқу бағдарламаларының енгізілуі. Қазақстан әскери оқу орындары мен шетелдік әскери академиялар арасында ынтымақтастық орнап, мамандар даярлануда. Әскери-техникалық жабдықтауға жіті көңіл бөлінуде. Жауынгерлерді заманауи қару-жарақпен және техникамен қамтамасыз ету мақсатында шетелдік серіктестермен бірлескен жобалар іске қосылды. Жергілікті өндірісті дамыту арқылы қару-жарақ саласында тәуелсіздікті арттыруға айрықша көңіл бөлінуде.

Ендігі уақытта әскерилердің өмірі қауіпсіз болуына смарт жүйемен жұмыс атқаратын жасанды интелекттер де жәрдем етпек. Қорғаныс саласына жауапты ведомство  әскердегі қауіпсіздікті “ақылды” технологиялар арқылы бақылап көреді.  Бұл жайында министрліктің өкілі Дархан Ахмедиев түсіндірді. Оның айтуы бойынша, осы уақытқа дейін бейнекамералардың сараптама жасап тұратын  қызметі болмады. Еліміздің әр аймағында жауынгерлердің сақтығы, кейді бір бірін мүйіздеп жіберетіні туралы да айтылмай қалмайды. Сол себепті әскердегі жанжал, бірнеше адамның топ болып жиналуы, жауапты адамдардың өз орнын тастап кетуі, қару-жарақты сақтау камерасына рұқсатсыз кіру сияқты жағдайлар орын алып жатса смарт камералар тез арада  дабыл қағады. 

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда сарбаздың амандығына, саулығына армия басшылығы жауапты болатынын айтқаны мәлім. Әскердің қауіпсіздігіне жіті мән беріледі. Әскери нысандарда қауіпсіздік талаптарына сай инфрақұрылым жасақталып жатыр, олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу шаралары одан сайын күшейтілді.

Әскерлердің әлеуетін арттыру, біліктілігін шыңдау – еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтудің маңызды шарттарының бірі. Жаһандық қауіпсіздік ахуалының күрделенуі, жаңа технологиялар мен соғыс тәсілдерінің дамуы әскерилерге қойылатын талаптарды тіптен арттырды. Бұл бағытта бірнеше негізгі аспектілерге назар аударған абзал.  Кәсіби дайындық, заманауи технологиялармен қамтамасыз ету, психологиялық даярлық және әскери этиканы дамыту.

Фото: Gov.kz    

Байланысты жаналықтар

Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті

12.11.2024

Сарбазды ұрып өлтірген лейтенант 7 жылға сотталды

30.10.2024

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

27.09.2024

Ербаян Мұхтардың туыстары оны Түркияда емдететін болды

26.09.2024

Сарбазды соққыға жыққан күдіктілер Астанада ұсталды

25.09.2024

Әскерде комаға түскен Ербаян Мұхтарды Еуропаға алып кетеді

17.09.2024
MalimBlocks
Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті

Сарбазды ұрып өлтірген лейтенант 7 жылға сотталды

Әскери госпитальге түскен жауынгер он күннен соң көз жұмды

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

Алты мемлекеттің арнаулы операциялар күштері әріптестік, практикалық іс-қимылдарды пысықтады

Ербаян Мұхтардың туыстары оны Түркияда емдететін болды

Сарбазды соққыға жыққан күдіктілер Астанада ұсталды

Әскерде комаға түскен Ербаян Мұхтарды Еуропаға алып кетеді

Германияның клиникаларымен келіссөз жүргізіліп жатыр