Қойгелдиев лекциясы. Эксперимент – лабораторияда жасалады, халыққа емес

"Әуезов үйінде" дәстүрлі түрде өтіп тұратын "Халық университетінің дәрістерінде" қонақ болған тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің лекциясының жалғасын ұсынамыз.

  • 22.04.2022
Тарихшы, академик М.Қойгелдиев

К.Матыжанов: Әлемдік отарлық жүйенің қирауы деген бар. Ағылшын, француз отарлығының күйреуі. Бірақ, оларда таптық күрес деген болған жоқ. Мысалы, Қазан төңкерсі отарлық жүйені құрту сияқты боп көрінгенмен, осы әлемдік эксперимент болған жоқ па? Ресейдің отарлық жүйесі әлі күнге дейін ашылған жоқ. Біз отарға түскен ел ретінде бірде бір қозғалыс жасаған ел емеспіз. Осыны дүниежүзілік тарих тұрғысынан қалай түсіндіруге болады?

Мәмбет Қойгелдиев: Сталин Бөкейхановты Кремльде қабылдайды. Сталин: «неге сіздер біздің идеяға қарсысыздар?» дейді. «Сіздерді біз көшпелі өмірден отырықшы мәдениетке айналдырамыз», дейді ол. Ал Бөкейханов: «сіздер осыны революциялық жолмен тез арада жеткізгілеріңіз келеді. Ол мүмкін емес дейді. Сіздер эксперимент жасағыларыңыз келеді. Халықты қырып аласыздар», деп жиырмасыншы жылдары айтты, айтқаны келді, жартысы қырылды ғой. Қазақ халқы ұжымдастырудың құрбаны болды. Тәркілеу – революциялық әдіс, эксперимент. Социалистік эксперимент. Эксперимент – лабораторияда жасалады, ал халыққа жасауға болмайды. Біз басымыздан кешірдік. 1928 бен 1938 жылы екі буын интеллигенциядан айырылдық. Саяси басқарушы топтан айырылдық. Репресия құбанына айналып, күрес сахнасынан алаштықтар кетті. Советті мойындаған зиялылар да саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Ұлттық элитадан айырылып, басқарушы емес, тыңдаушы ұлтқа, жетекке ергіш тобырға айналдық. Шындық солай. Біз енді-енді ғана есімізді жиып келе жатырмыз, есімізді жисақ әлі! Біз қандай апаттан құтылып келе жатқанымызды білмейміз. Бізде қазіргі проблема: қазақ тілі. Бұл ненің көрінісі, жаңағы апаттың көрінісі. Сандық та, сапалық та апатқа ұшырағамыз. Бізді жетектеп жүретін халыққа айналдырды. Еліктегіш, көшірме мәдениетке айналдырды. Тілді білмеу – көшірме мәдениеттің көрінісі. Жазушы Т.Әбдіков жазды ғой, адамның екі қолы бір-біріне қарсы. Бөлініп ап, өзара соғысуға даярмыз. Бұл не? Бұл қауіпті нәрсе.

Алаш – тарих дейді, алаш – тарих емес. Алаш – бүгінгі өмірің. Алаш қойған проблемалар шешілмей қалды. Финалына жеткен жоқ. Алдымыздан шығып отыр. Кеңестік жүйе – заңды билік емес, оларға қазақ халқы дауыс берген жоқ. Социализмді көрмеген халық оған қалай дауыс береді?! Совет үкіметі патша үкіметінің мұрагері. Ал Алашорда заңды билік болатын.

Бір мысал, Қазан төңкерісі қарсаңында өзбектердің саны 3,5 млн. болатын. Қазір, олар 35 млн. Қазақ қазір өз жерінде 20 миллионға жеткен жоқпыз. 1917 жылы 6 млн болатынбыз. А.Смит, Жан-Жак Руссо айтады: егер мемлекеттің жағымды жағы болса, ол халқының сан жағынан өсуіне байланысты деп. Біз үздіксіз кеміген елміз. Совет билігі біз үшін жағымсыз болып шықты. Совет үкіметінің қазақ халқы үшін жағымды жағы 60-80 жылдары. Тарихта осындай қайшылық болады.

К.І.Матыжанов: Большевизм мен Алаш мәселесі. Большевизм билікке келген соң тарихты қайта жазды. Бәрін өзгертті. Ал алаштықтар кейін большевиктік партияға кірді. Компартия мүшесі болды. М.Әуезов партияға кірді, бірақ кейін партия билетін үстелге қойып, одан шығып кеткені белгілі. Қайтып кірген жоқ. Енді кейін партияға кірген Ахаңның шәкірттері ақырында атылды. Ахаңның ісін қарадыңыз, сонда жалпы көпшілікке мәлім емес не бар?

Мәмбет Қойгелдиев: А.Байтұрсыновтың өткен жылы ғана табылған құжаты бар. Ол былай аталады: «Собственноручные показания арестанта Ахмета Байтурсынова» деген. Ахаңның қолымен жазылған. Абақтыда отырғанда жазған болуы керек. Саяси қызметі неден басталды, немен аяқталды, түгел өз қолымен жазып шыққан. Бұл ұрпаққа қалдырған аманаты деуге болады. Құжатты оқып шықтым. Қазақ халқының бір қасиеті – ашықтық, даланың желі сияқты. Ахаң ашық түрде ойын толық айтқан. Советке, Алашқа, Халқына қатынасын бәрін бүркемелемей жазған. Орыс тілінде жазған. «Қазақ» газетін аштық, оның төңірегінде ұлт зиялылары топтасты, ал олар ұлтқа идея берді. 20-шы жылдары М.В.Фрунзе «партияға кіріңіз», деді, мен ойландым. Байқасам, барлық мәселе партия жиналысында шешіледі екен, содан ұлтқа қатысты мәселені шешуге мүмкіндігім болады екен деп ойладым да кірдім». Бірақ, бір жылға жетпей шығып кетеді. Дәлірек айтқанда, шығарып тастаған. Орынбор қалалық Орталық партия комитеті Байтұрсыновты партиядан шығарған. Себебі, Ахаң партия жиналысына бармайды екен, уағында жарнасын төлемеген. Ахаң былай дейді: «партия жиналысына бармағаным онда артық сөз көп, уақытым жоқ, оқулық жазып жүрмін. Жарнаға байланысты, печатный лист партияның қолында ғой, қанша керек болса шығарып алады», дейді. Партиядан көңілі қалған. Менің қазаққа байланысты айтқан ұсынысым өтпейді, шешімін таппайды, қабылданбайды, сондықтан шығып кеттім, деген. Абақтыдан келген соң былай деген: 1931-33 жылғы аштықты көргеннен кейін мынадай тұжырымға келдім – бұл қандай үкімет, билік, партия. Халықты қырғынға ұшыратқан үкімет туралы не айтуға болады? Менің сөзім жоқ дейді. Фактіден кейін совет үкіметін жамандауғы тіпті тілім жетпейді депті.

Менің түсінігімде, партия ұлтты басқарушы құрал.

      Оқи отырыңыз: Қойгелдиев лекциясы. Ағартушылық Абайдан емес, Алаштан басталады 

 

Бізде бұндай әдістер әлі бар

К.Матыжанов: Бізде үш автономия болды. Алаш, Түркістен, Қоқан автономиясы болды. Осылардың арасында идеялық бірлік болды ма? Жоқ, атауларында ғана айырмашылық бар ма?

Мәмбет Қойгелдиев: Түркістан, Қоқан автонмиясы Алаштан бұрын дүниеге келді. Төрағасы – М.Тынышпаев, кейін М.Шоқай болды. Қоқан автономиясы жарияланғаннан кейін М.Шоқай Орынборға барды. Барған бетте Алашорда үкіметінің құрамына сайланды. Түркістан автономиясының құрамында Қазақстаннан екі обылыс болды. Жетісу мен Сырдария. Алаш автономиясын жариялаймыз деген кезде екі көзқарас пайда болды. Біріншісі, Халел мен Жаһанша Досмұхамбетовтер екінші жалпы қазақ съезінде бүгін жариялайық деді, ал Бөкейханов қарсы болды. Ол Жетісу мен Сырдария қазақтарының пікірін білейік: қосылу я қосылмай турасындағы деді. Бұл – бір. Екінші, бізде дайындық жоқ. Қару-жарақ жоқ. Бұлар ішіміздегі келімсектердің қолында, қазақтарды қырып салуы мүмкін деген қауіп айтты. Мемлекетті бірігіп құрайық деген ой тастады. Түркістанда 1918 жылы қазақ съезі өтті. Оған М.Дулатов, Т.Құнанбаев тағы бір кісі – үшеуі барып қатысты. Осы мәселе жөнінде. Бірақ, азамат соғысы басталып кетіп, шешілмей қалды.

Ал Түркістан автономиясының идеясы – Түркістан халқы бір федарация болсын деді. М.Шоқай идеологы болды. Ал Алашорда – Қазақ мемлекетін құрайық деді. Шоқай түркі мемлекетін, Орталық Азия мемлекетін құру идеясында болды. Екі үлкен идея, бірақ екеуі де іске асқан жоқ. М.Шоқай өз естеліктерінде кейін былай деп айтты: біз тәжірбиесіздік көрсеттік, орыс демократиясына сендік, алданып қалдық. Орыстың оңшыл да, солшыл да жағы бізге мемлекеттілік бермейтін еді. Мен өз басым, М.Шоқайдың идеясының болашағы бар деп ойлаймын, соған сенгім келеді.

К.Матыжанов: Больевизімнің идеясы осы М.Шоқайдың идеясымен күресу болды ғой. Пантүркизм мен панисламизм деген сөзбен түркі халықтарын бөлшектеу мәселесімен айналысты. Ұлт зиялыларына осылай жала жапты.

Мәмбет Қойгелдиев: Үшінші Мемлекеттік Думада С.Мақсұдов деген татар интеллигенті, кейін эмиграцияға кетті. Ататүрктің кеңесшісі болған, Сарбон университетін бітірген адам. Бізде ешқандай пантүркизм жоқ, бұл ресейлік идеологиялық апарат жасаған сөз. Әлемге түркілердің билігін орнату деген идея бізде жоқ. Ұлттық мемлекеттілік мәселесі – пантүркизм емес дегенді айтқан. Пантүркизм қазір де жоқ. Болуы мүмкін емес. Түркі бірлігі, тұтастығы бұл басқа мәселе.

К.Матыжанов: Большевизмнің тағы бір ойлап тапқан термині – ұлшыл деген. М.Мырзахметовтің айтқаны бар: қазақтарда ұлтшыл көп, бірақ шовинст жоқ деп.

Мәмбет Қойгелдиев: Патша заманында қазақ үшін күрескендерді сепаратистер деді. Совет заманы бізді буржуазиялық ұлтшылдыр деді. Кейін қазақ ұлтшылыдығы, ал қазір нацпатриот деген шықты. Бұл идеологиялық әдіс.

Қазақ қоғамында буржуазия болған жоқ, бірақ А.Байтұрсынов осындай атпен айыпталды. Айыптаудың әдістері бұлар. Ұлттық мүддені қорғасаң айыптай салу – отаршылыдық биліктің басқару әдісі. Іші ауырған сиыр сияқты қуалайды деп А.Байтұрсынов айтқан сөз бар. Бізде бұндай әдістер әлі бар.  

(жалғасы бар)

«Әуезов үйі» ҒМО-ның конференция

залында 15 сәуірде өткен дәрісті

қағазға түсірген Е.Қаныкейұлы

Байланысты жаналықтар

АҚШ солтүстіккореялық хакерді тапқан адамға қомақты сыйақы тағайындады

26.07.2024

Зауыттағы апат: Ерлан Нығматулин өндіріс нысанын қандай ақшаға салды?

25.07.2024

Газа секторы: Хан-Юнис қаласына Израиль танктері шабуылдады

24.07.2024

Борис Джонсон Дональд Трампқа Украина мен Ресейді татуластыру туралы ұсыныс айтты

23.07.2024

Байден сайлауға қатысудан бас тартты

22.07.2024

Ковид жұқтырған Байден сайлаудан бас тартпайды

19.07.2024
MalimBlocks
АҚШ солтүстіккореялық хакерді тапқан адамға қомақты сыйақы тағайындады

АҚШ-тың әділет министрлігі солтүстіккереялық Рим Чон Хёкті қатаң айыптап отыр. Тараптың мәліметінше, ол Andariel хакерлік тобының құрамына енген. Ал оны елдің арнайы қызметі тұрақты бақылап, қадағалауға алған.

Зауыттағы апат: Ерлан Нығматулин өндіріс нысанын қандай ақшаға салды?

Өткен аптаның соңында Қарағанды YDD Corporation ферроқорытпа зауытында қайғылы жағдай орын алды. Өндіріс орнындағы №1 пеш өртеніп, сегіз жұмысшы зардап шеккен. Өкінішке қарай, 25-шілде күні алған жарақаты салдарынан екі адам қайтыс болды.

Газа секторы: Хан-Юнис қаласына Израиль танктері шабуылдады

Газа секторының Хан-Юнис қаласына Израиль әскері шабуыл жасады. Al Jazeera-ның мәліметінше, денсаулық сақтау министрлігі 84 палестиналық қаза тауып, 329 адам жарақат алған.

Борис Джонсон Дональд Трампқа Украина мен Ресейді татуластыру туралы ұсыныс айтты

Ұлыбританияның экс-премьер-министрі және Украинаға әскери көмек көрсетуде белсенді қолдаушы Борис Джонсон британдық "Daily Mail" басылымына жазған бағанында бірқатар жайттарды алға тартты. Мақалада ол Дональд Трамп қайта сайланған жағдайда Украинаны құтқара алатынына сенім білдірген.

Байден сайлауға қатысудан бас тартты

АҚШ президенті Джо Байден жақтастарының кеңесін алып, сайлауға төрт ай қалғанда Дональд Трамппен додаға түсуден бас тартты.

Ковид жұқтырған Байден сайлаудан бас тартпайды

АҚШ президенті Джо Байден қараша айында өтетін сайлаудағы үміткерлігіне қатысты партиялық жаңа мәселелерге тап болды. Жағдай қиындағанымен қатар, ол ковид жұқтырып, сайлауалды іс-шараларын тоқтата тұруға мәжбүр.