ХОК: Олимпиадаға бейтарап ту астында қатысатын Ресей спортшыларының Украинадағы соғысқа көзқарасы ескеріледі

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Париждегі ойындар қарсаңында Ресей мен Белорусь құрамасының спортшыларын шектеуге қатаң түрде кірісіп кетті.

Malim Админ

  • 04.07.2024

«Америка дауысы» басылымының орыс қызметінің жазуынша, ХОК 2023 жылдың желтоқсан айында Ресей мен Белорусь спортшыларының бейтарап ту астында өнер көрсетуге санаулы ғана квото қарастырғанын мәлімдеді. Бұл ретте жекелей сын бойынша Ресейге 54, ал Белорусь спортшылары үшін 28 жолдама қарастырылған, деп хабарлайды Malim.kz.

ХОК талабының ішінде бейтарап ту астында өнер көрсетуі тиіс спортшы Ресейдің Украинаға ашқан соғысын қолдамауы тиіс. Сонымен бірге, аталған елдердің қарулы күштерінің спорт клубында өнер көрсетуі қаперге алынған.

Оның ішінде «Динамо» мен ЦСКА сапында жүрген спортшылар Париж Олимпиадасынан бірден шеттетіліп отыр.

Өткен жылы спорт түрлерінен барлық халықаралық федерациялар Ресей мен Белорусь спортшыларын бейтарап ту астында жарыстарға қатыстыра бастады. Бұл ретте аталған елдердің спортшылары 2024 жылдың 26 шілдесінде басталатын Париж Олимпиадасына жолдамалар иеленіп, әлемдік рейтингке жасқы нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. Олардың арасында күш қолданылатын спорт түрлерінен Токио Олимпиадасының бірнеше чемпионы мен жүлдегері де бар.

ХОК Ресей мен Белорусь спортшыларына бейтарап ту астында қатысуға рұқсат бергенімен кейін олардың арасынан таңдаулылары ғана қатысатынын мәлімдеді.

Мәселелен, спортшылардың Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты пікірі деп міндетті түрде ескерілетіні белгілі болды.

Сәуір айында Бакуде өткен күрес түрлері бойынша Еуропа аймақтық лицензиялық турниріне Ресейдің еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев сынды балуанына қатысына ХОК тыйым салды. Оның не үшін жіберілмейтіні туралы айып айтылған жоқ. Ол ақпан айында Румыния астанасы Бухаресте күрес түрлерінен өткен Еуропа чемпионатына қатысуға барып тұрып әуежайдағы кеденнен жіберілмеген еді.

Осылайша, Садулаев құжатының дұрыстығына қарамастан виза мәселесі деген кінәратпен еліне қайтуға мәжбүр болған.

Олимпиада басталуға бір жарым айдай уақыт қалғанда Ресей мен Белорусь балуандары жаппай шектеуге тағы ұрынды. Мәселен, еркін күрестен 74 келіде Токио Олимпиадасының чемпионы Заурбек Сидаков, екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев Париж додасына қатыспайтыны нақты белгілі болды. Оларға тиесілі жолдама Ресей қайтып алынып, өзге елдердің құрамаларына берілді. Бұл қатар Белорусь құрамасының балуаны, еркін күрестен 74 келіде Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Магомедхабиб Кадимагомедов те бар. Ол Олимпиада жолдамасын сәуір айында Бакуде иеленген еді.

ХОК екі елдің спортшыларына қатысты мәселені ұзақтан қараған болатын. Дегенмен, 2023 жылы Ресей дзюдошыларын әлем чемпионатына бейтарап ту астында қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданғанда Украина тарапы наразылық білдірді. Мәселен, Украина дзюдо құрамасының бұрынғы балуаны, әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері Георгий Зантарая егер халықаралық дзюдо федерациясы райынан қайтпаса, өзінің барлық жүлдесін кері қайтарып беретінін мәлімдеді.

Дегенмен ХОК таяу күндері Ресейдің дзюдо құрамасының 14 балуанын Парижге қатыстырмау туралы шешім қабылдады. Олардың арасында өткен жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Инал Тасоев сынды балуандар бар. Аталған спортшылардың шектеу қойылуына нақты қандай себеп бары белгісіз. Сонымен бірге, Олимпиададан тыс қалған атлеттердің де көрші елмен арадағы соғысқа қатысты көзқарасы да ашық айтылмады.

Сұқбат беруге де шектеу бар

Осыған дейін халықаралық жүзу федерациясы (World Aquatics) өзінің жарыстарына Ресей мен Белорусь атлеттеріне БАҚ өкілдеріне сұхбат бермеуді, сонымен бірге, баспасөз конференцияларына қатысуына қатаң шектеу қойды.

Олимпиадалық іріктеу турниріне бейтарап ту астында қатысу, сонымен бірге көптеген шектеулерді ескеру туралы талаптан кейін Ресейдің бокс федерациясының басшылығы Париж Олимпиадасына спортшыларын жібермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы федерацияның ресми сайтында ақпарат жарияланды.

Sportbox.ru басылымы 1 шілде күні Париж Олимпиадасына Ресейдің 20 атлеті шақыруды қабыл алғаны туралы жазды. Олардың ішінде Даниил Медведев, Мирра Андреева, Павел Котов и Диана Шнайдер сынды теннисші, каноэші Захар Петров және велошабандоз Глеб Сыриц бары айтылды. Ал теннисші Дарья Касаткина, Андрей Рублев пен Анна Калинскаялар шақыртудан бас тартқан. 

2023 жылдың желтоқсанында ХОК басшысы Томас Бах ұйым 2024 жылғы жазғы ойындарға дейін жеке бейтарап мәртебеде іріктеуден сәтті өткен ресейлік және белоруссиялық спортшыларға рұқсат береді деп мәлімдеген. Алайда Олимпиада қарсаңында орыс пен белорусь спортшыларын лицензиялық жарыстан кейін тағы да іріктеу мәселе қатаң жүріп жатыр.

Сондай-ақ ресейлік журналистерге Париж Олимпиадасында елдің символикасын қолдануға тыйым салынып отыр. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) медиа қызметкерлеріне бейтарап спортшылар сияқты талаптар қойылатынын атады.

Медиа қызметкерлеріне бейтарап спортшылар сияқты талаптар қойылады, - деді ХОК тарапы. 

Дегенмен Ресей Журналистер одағының төрағасы Владимир Соловьев бұл шешімді сөз бостандығын бұзу деп атауға болатынын мәлімдеді.

Париждегі Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз күндері аралығында өтеді.

Фото: championat.com

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді