Жамбыл облысында жұмыспен қамту 130 пайызға орындалыпты

Malim Админ

  • 18.08.2020

Халықты жұмыспен қамту жайы талқыланған үкіметтің бүгінгі онлайн отырысында экранның арғы жағындағы облыс әкімдерінің ішінде Бердібек Сапарбаев еңсесін түсірмей тік отырды. Оның баяндамасы да өзгелердікінен өзгешелеу болды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыссыздықты азайту тапсырмасын 100 пайызға жеткізіп орындай алмапты. Шымкент қаласының жас әкімі Мұрат Әйтенов президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырасын 72 пайызға ғана орындаған. Ал Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бәрінен озып кетіпті.

­-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі тапсырмасының бірі – халықты жұмыспен  қамту. Өңірде жұмыспен қамту шараларына  44 мың адам қамтылды. Оның ішінде 37 мың адам жұмысқа орналасты. Жаңа жұмыс орындарын ашу 20 мың болатын. Оның орындалғаны 26 мың. Яғни, жоспар 130 пайызға орындалды. Оның ішіндегі 63 пайыз тұрақты жұмыс орындары. Негізінен жұмысқа орналастыру  мемлекеттік бағдарламалар, атап айтқанда «Еңбек», «Жұмыспен қамту жол картасы», «Нұрлы жол»,  «Ауыл ­- ел бесігі» бағдарламалары нәтижесінде орындалды. Негізінен жұмысқа орналасқандардың 45 пайызы жұмыссыздар. Қалған 55 пайыз өзін өзі қамтыйтындар. «Еңбек» бағдарламасына 17 млрд (теңге) бөлінді. (Оған) 30 мың адам мүше болды. Неси беру, гранд беру, кәсіпке оқыту, кәсіпкерлікті қолдау шараларының  бәрі орындалды,-  деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жалпы, Қазақстанда Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары дотацияда отырған, экономикалық дамуы мен өсімі өте нашар аймақтардың қатарында. Ал Бердібек Сапарбаевтың бүгінгі сөзіне қарағанда Жамбыл облысында жұмыссыздықпен күрес қарқынды.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

24.04.2025

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

22.04.2025

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

20.04.2025

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

18.04.2025
MalimBlocks
Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады,