Жаңа облыстарда үй бағасы үш айда қалай өзгерді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында үш облысты бөлу туралы шешім қабылдағанын айтып, жаңа облыс орталықтарын таныстырған еді. MalimMedia сол жаңалық шыққан күннен бастап жаңа орталықтардағы тұрғын үй бағасын салыстырып көрдік.

Ақниет Аманжолқызы

  • 21.06.2022

Үш қаланы бақылап отырып, әсіресе, аты өзгерген Қонаевтың бағасы да қатты өзгергенін байқадық. Бірақ Семей мен Жезқазған да қалыс қалмапты.

Қонаев қаласы статус алмай тұрып 3-ықшам ауданнан 1980 жылдары салынған үйден 2 бөлмелі пәтер алу үшін 15 миллион керек болса, қазір 23 миллионнан артық ақша керек. Ал 4-ықшам ауданнан 2 бөлмелі пәтер көктемде 18 миллион теңгеге бағаланса, қазіргі бағасы 20 миллионнан басталып, 25 миллионға дейін жеткен. Сейфуллин көшесі бойындағы 2022 жылы салынған су жаңа үйден 1 бөлмелі пәтер құны наурызда 10 миллион болса, қазіргі құны 15 миллионнан көп.

Семей қаласы орталық бол тұрып Юность ықшам ауданында 1970-80 жылдары салынған үйден 2 бөлмелі пәтердің құны 12-13 миллион теңге болса, қазір 14-20 миллион теңге аралығында сатылымға шығып тұр. Пушкин көшесі бойындағы 100-үйден наурызда 2  бөлмелі пәтерді 18 миллионға алуға болса, қазір дәл осы үйдегі 2 бөлмелі пәтер құны 23 миллион теңгеге бағаланған. Төрт ай бұрын Бозтаев көшесінің бойында 4 бөлмелі пәтер 27 миллион теңге тұрса, қазір бұл көшенің бойынан 4 бөлмелі үйді 33 миллионға алуға болады.

Жезқазған қаласы Алашахан көшесі бойындағы үйден 3 бөлмелі пәтер құны жаңа облыс ашылмай тұрып 15 миллион болса, қазіргі бағасы 20 миллионға жеткен. Жәлел көшесіндегі үйден 2 бөлмелі пәтер көктемде 11 миллионға бағаланса, қазіргі құны 14-15 миллион арасында болып тұр. Гагарин көшесінің бойына 1964 жылы салынған үйлерден 2 бөлмелі пәтерді наурызда 9 миллионға алуға болатын еді, қазіргі бағасы 15 миллионнан жоғары болған.

Байланысты жаналықтар

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

15.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

01.05.2025
MalimBlocks
Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

Алматы облысында жер сілкінді

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған