Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Антикор Кәрім Мәсімовтің күйеу баласына іздеу салды

Қоғам
Антикор Кәрім Мәсімовтің күйеу баласына іздеу салды

Бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы Азамат Қапеновке іздеу жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Азамат Кәпенов Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы болған. 2015 жылы ол Мәсімовтің үлкен қызына үйленген. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар қаңтардағы оқиғадан кейін мүлкі мен ақшасын үнемдеу мақсатында өтірік ажырасқан деген де болжам бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Кәпеновке 9 тамыздан бастап іздеу жариялады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталының мәліметінше, іздестіру жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізеді.

Іздеу "БИПЭК-Авто" ісіне қатысты болуы мүмкін.

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу