Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында әкім орынбасары мен аппарат басшысы төбелескен

Қоғам
Ақмола облысында әкім орынбасары мен аппарат басшысы төбелескен

Ақмола облысы Шортанды аудандық әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 2024 жылғы мамырда болған. Шенеуніктер әкімдік ғимаратында ауызша жанжалдасқан, кейін ол төбелеске ұласқан.

Шілдеде Ақмола облысы Шортанды аудандық соты бір-бірінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарады.

Сотта жанжалға түскен тараптар кінәларын мойындамады.

Сот қаулысымен сотталушылар ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 55 380 сомасында айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды, - деді сот.

Фото: dalanews.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу