Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында қалыңдық жігітін алдап, 1,5 миллион теңге ұрлаған

Қоғам
Ақмола облысында қалыңдық жігітін алдап, 1,5 миллион теңге ұрлаған
Depositosphoto

Ақмола облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан қалыңдығына сенген ер адам 1,5 миллион теңгесінен айырылды. Қалыңмал мен той дайындығын сылтау еткен әйел кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Алаяқтық дерегі бойынша арыз Қосшы қаласының полиция бөліміне 31 қаңтарда түскен. Ақмола облысының 28 жастағы тұрғынының айтуынша, бірге тұрып жүрген әйелі тойға дайындық пен қалыңмал төлеу сылтауымен оны алдап, 1,5 миллион теңге көлемінде ақша иемденген.

Тергеу барысында анықталғандай, 2025 жылдың тамыз айында ер адам қызбен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Қыз өзін Шымкенттің тумасымын, отбасым сол қалада тұрады деп таныстырған. Бірнеше кездесуден кейін жұп бірге өмір сүруге шешім қабылдап, Астанадан пәтер жалдаған.

Ер адам сүйіктісін ата-анасымен таныстырғанымен, қыз өз туыстарымен таныстыруға асықпаған. Бірге тұрғандарына шамамен бір жарым ай өткен соң, әйел жүкті екенін айтқан. Осыдан кейін олар тойға дайындықты бастап, Қосшы қаласынан жалдамалы пәтерге көшкен.

Жәбірленушінің айтуынша, оның ата-анасы болашақ құдаларға пәтер сатып алуға кепіл ретінде 950 мың теңге берген, сондай-ақ болашақ келінге 600 мың теңгеден астам сомаға алтын әшекейлер алып берген. Алайда біраз уақыттан кейін әйел байланысқа шықпай, қоңыраулар мен хабарламаларды елемей кеткен. Кейін ер адам оның бұрынғы күйеуі және үш баласы бар екенін білген. Өзін алданғанын түсінген соң, ол полицияға жүгінген.

"Азаматтарға интернет арқылы танысқанда сақ болуды, қысқа уақыт қана таныс адамдарға ақша мен құнды заттарды бермеуді, сондай-ақ бірге тұру немесе некеге тұру мәселесі көтерілген жағдайда адам туралы ақпаратты мұқият тексеруді қатаң ұсынамыз", – деп хабарлады Ақмола облысының полициясы.

Аталған дерек бойынша алаяқтық белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жүрген жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу