АҚШ шенеуніктері Газа секторына арналған бейбітшілік жоспарын іске асыру үшін құрылған және АҚШ президенті Дональд Трамп басқаратын «Бейбітшілік кеңесінің» мандатын Украина, Венесуэла және өзге де дағдарыс аймақтарына кеңейту мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, аталған бастама 20 қаңтарда ашылатын Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында ұсынылуы мүмкін. Алайда қазіргі кезеңде «Бейбітшілік кеңесі» палестиналық-израильдік қақтығысқа ғана назар аударып, өз қызметін басқа өңірлерге таратпауы тиіс екенін АҚШ-тың аты-жөні аталмаған өкілі мәлімдеген.
Сонымен қатар, батыс және араб елдерінің дипломаттары мұндай жоспарға алаңдаушылық білдіруде. Олардың пікірінше, «Бейбітшілік кеңесі» уақыт өте келе Біріккен Ұлттар Ұйымы-на параллель жұмыс істейтін балама халықаралық құрылымға айналуы мүмкін.