freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Беларуське салынған санкцияларды жеңілдете бастады

Әлем
АҚШ Беларуське салынған санкцияларды жеңілдете бастады
Фото: БЕЛТА

АҚШ Беларусьтегі саяси тұтқындарды босату аясында санкцияларды біртіндеп жеңілдете бастады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Минскіде өткен келіссөздерден кейін АҚШ-тың арнайы өкілі Джон Коул тараптар Александр Лукашенконың АҚШ-қа ықтимал сапарын талқылап жатқанын мәлімдеді. Бұл қадам ұзақ жылдық оқшауланудан кейінгі маңызды дипломатиялық серпіліс болуы мүмкін.

Келіссөздердің негізгі нәтижесі – саяси тұтқындарды босату. Вясна құқық қорғау орталығының мәліметінше, АҚШ-тың араласуымен 250 адамға кешірім жасалған.

Олардың қатарында Валентин Стефанович, Марфа Рабкова және Наста Лойко бар. Бостандыққа шыққандардың 15-і елден кеткен, қалғандары Беларусь аумағында қалды.

Осы қадамдарға жауап ретінде Вашингтон бірқатар экономикалық шектеулерді алып тастады.

Атап айтқанда, Беларуськалий мен Белорусская калийная компания санкциялық тізімнен шығарылды. Сонымен қатар, Белинвестбанк, Даму банкі және қаржы министрлігіне қатысты шектеулер де жеңілдетілді.

Бұған дейін де осындай келісімдер нәтижесінде ондаған адам, оның ішінде Нобель сыйлығының лауреаты Алесь Беляцкий мен оппозициялық саясаткерлер босатылған болатын.

Келіссөздер аясында АҚШ-тың Минскідегі елшілігінің жұмысын қайта жандандыру мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Сонымен бірге Вашингтон Беларусьтегі 1100-ден астам тұтқынды босатуға қол жеткізуді көздейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу