freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Иранның ядролық отынын басқа елге шығаруды ұсынды

Әлем
АҚШ Иранның ядролық отынын басқа елге шығаруды ұсынды
Фото: depositphotos.com

АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал бейбіт келісім аясында Вашингтон Тегераннан байытылған ядролық отынды сұйылтып, кейін оны жою немесе атом электр станцияларында пайдалану үшін АҚШ-қа не басқа елге беруді талап етіп отыр. Бұл туралы The New York Times басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Басылымның мәліметінше, АҚШ-тың мақсаты – ядролық отынды қару жасауға пайдалануға мүмкіндік бермейтін деңгейге дейін сұйылту. Алайда дереккөздердің айтуынша, ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздер қайта басталған күннің өзінде, олар күзге дейін немесе одан да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Кейбір америкалық шенеуніктер уран мәселесі бойынша келісімге қол жеткізу қиын деп есептейді. Олардың пікірінше, АҚШ Иранның уран қоры 2025 жылғы маусымда америкалық соққы жасалған ядролық нысандардың қирандылары астында қала береді деген мәлімдемемен шектелуі ықтимал.

Сонымен қатар, The New York Times Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына қатысты ықтимал келісімнің жай-жапсарын жариялады. Басылымның жазуынша, Иран мен Оман Парсы шығанағына кіретін кемелердің Иран жағалауымен, ал шығатын кемелердің Оман жағалауымен жүруін көздейтін жаңа тәртіп туралы келісімге жақындаған.

Иран билігі бұғаз арқылы өтетін кемелерден экологиялық шығындарды өтеу, коммерциялық кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерді ұстау үшін сервистік алым алынатынын мәлімдеген. Бұл кірістер Иран мен Оман арасында тең бөлінеді.

Ал келіссөздерге қатысқан америкалық шенеуніктің айтуынша, Ормуз бұғазындағы кез келген уақытша бағыттар бойынша кеме қатынасы Иранның рұқсатын да, қандай да бір төлемді де талап етпейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу