Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Қазақстан азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатты

Әлем
АҚШ Қазақстан азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатты
Freepik

Трамп әкімшілігі 75 мемлекеттің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтатты. Оның ішінде Қазақстан бар. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды. 

Мемлекеттік департаменттің хабарламасына сілтеме жасаған nbcnews-тің жазуынша, Ауғанстан, Бразилия, Египет және Сомали тұрғындары «америкалықтардың есебінен төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды шамадан тыс алып отырған» болып шықты.

Виза беруді тоқтату шарасы АҚШ-та тұрақты тұруды көздейтін шетел азаматтарына арналған визаларға ғана қатысты қабылданған. Аталған тыйым уақытша жұмыс істеуге, оқуға немесе туризм үшін келетіндерге берілетін қысқамерзімді визаларға, сондай-ақ футболдан әлем чемпионатына байланысты визаларға қолданылмайды.

Тізімге Ауғанстан, Албания, Алжир, Антигуа және Барбуда, Армения, Әзербайжан, Багам аралдары, Бангладеш, Барбадос, Беларусь, Белиз, Бутан, Босния, Бразилия, Мьянма, Камбоджа, Камерун, Кабо-Верде, Колумбия, Кот-д’Ивуар, Куба, Конго Демократиялық Республикасы, Доминика, Египет, Эритрея, Эфиопия, Фиджи, Гамбия, Грузия, Гана, Гренада, Гватемала, Гвинея, Гаити, Иран, Ирак, Ямайка, Иордания, Қазақстан, Косово, Кувейт, Қырғызстан, Лаос, Ливан, Либерия, Ливия, Солтүстік Македония, Молдова, Моңғолия, Черногория, Марокко, Непал, Никарагуа, Нигерия, Пәкістан, Конго Республикасы, Ресей, Руанда, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадиндер, Сенегал, Сьерра-Леоне, Сомали, Оңтүстік Судан, Судан, Сирия, Танзания, Таиланд, Того, Тунис, Уганда, Уругвай, Өзбекстан және Йемен елдері кіреді.

Бұған дейін де Трамп әкімшілігі аталған елдердің бірқатарына қатысты иммиграциялық шектеулер енгізген болатын. Желтоқсан айында 19 елдің азаматтарының иммиграциялық өтініштерін қарау уақытша тоқтатылған. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу