freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда көпқабатты үй пәтерінен зейнеткердің мәйіті табылды

Оқиға
Ақтауда көпқабатты үй пәтерінен зейнеткердің мәйіті табылды
Фото: pexels

Ақтаудың 7-шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде жасы үлкен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Үшінші қабаттағы пәтерден шыққан жағымсыз иіске алаңдаған көршілер жедел қызметтерге хабарласқан.

Зейнеткер жалғыз тұрған. Соңғы күндері оны ешкім көрмеген. Біраз уақыттан кейін подъезде мәйітке тән иіс сезіле бастаған соң тұрғындар күмәнданып, тиісті органдарға жүгінген.

Оқиға 3 наурыз күні шамамен сағат 16:00-де болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жеткен. Өңірлік Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, мамандар пәтердің терезесін ашу арқылы ішке кіріп, есікті ішінен ашқан. Осылайша құқық қорғау органдарына қолжетімділік қамтамасыз етілген.

Пәтер ішінен 79 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Өңірлік полиция департаменті аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу