Әлеуметтік желіде кафеде болған жанжалдың видеосы тарады. Видеоның жаңа жыл қарсаңында Ақтаудағы кафелердің бірінде болғаны анықталды. Қазір оқиға қылмыстық тергеуге арқау болған, деп хабарлайды Malim.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық істер сотқа жолданды», – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тергеу барысында 2025 жылғы 31 желтоқсанда кафе әкімшісі мен келуші әйел арасында сөзге келіспеушілік туындап, ол кейіннен төбелеске ұласқаны анықталған. Оқиға салдарынан жанжалға қатысқан екі тарап та дене жарақатын алған, соққы іздері тіркелген.
«Қоғамдық орындардағы кез келген зорлық-зомбылыққа жол берілмейді және оған қағидатты құқықтық баға беріледі», – деп атап өтті полиция департаментінде.
2026 жылғы 31 қаңтарда қылмыстық істер процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.