Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында 10 адам құтқарылды

Оқиға
Ақтөбе облысында 10 адам құтқарылды

Ақтөбе облысының диспетчерінің пультіне 7 адамның, оның ішінде 3 баланың жеңіл автокөлікпен Ырғыз ауданының Нұра ауылынан жолға шығып жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәлімдеуінше, іздеу жұмыстарының нәтижесінде бұл азаматтар елдімекеннен 30 км қашықтықта батпақты жерде кептеліп қалғаны анықталған. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында олар батпақтан шығарылып, үйлеріне аман-есен жеткізілген. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.

 

Ал таңертең 112 пультіне «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тас жолымен келе жатқан автокөліктің сынғаны, оның ішінде 3 адам бар екені туралы хабарлама түскен. Оқиға Ақтөбе облысының Шалқар ауданында болған.

ТЖМ күштері Шалқар қаласына 3 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарып, елдімекенге дінаман жеткізген.

Фото: скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу