freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында мектеп оқушысын зорлаған 64 жастағы зейнеткер 21 жылға сотталды

Оқиға
Ақтөбе облысында мектеп оқушысын зорлаған 64 жастағы зейнеткер 21 жылға сотталды
pixabay.com

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 14 жастағы мектеп оқушысын зорлап, оның жүкті болуына себепкер болған 64 жастағы зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың шешімімен ол 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Qaz365.kz хабарлады.  

Бұл ақпаратты судья Алтынбек Сабыров растап, сотталушының жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтінін хабарлады. Судьяның айтуынша, айыпталушының зейнет жасы ескерілген, әйтпесе заң бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін еді.

Айта кетейік, бұл сұмдық жағдай өткен жылдың 13 қазанында, 9-сынып оқушысының сабақ үстінде толғағы басталып, босанған кезінде белгілі болған. Кейін анықталғандай, қылмысқа күдікті ретінде қыздың әжесімен бірге тұратын ер адам ұсталған. Оған зорлау және жас баланы азғындау баптары бойынша айып тағылды.

Сонымен қатар, бұл істе жергілікті дәрігерлердің жұмысына қатысты да үлкен сұрақ туындады. Өңірлік білім басқармасының мәліметінше, оқушы қыз жүктілік кезінде медициналық мекемеге үш рет барғанымен, мамандар оның жүкті екенін дер кезінде байқамаған. Қазіргі таңда сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу