Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе шенеуніктері ауылдың су құбырына бөлінген қаражатты жымқырған

Саясат
Ақтөбе шенеуніктері ауылдың су құбырына бөлінген қаражатты жымқырған

Ақтөбенің Темір ауданында шенеуніктер Кеңкияқ пен Шұбарқұдық ауылдарындағы су құбырын жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырған. 

Бюджеттің 14 миллион теңгесін жеп қойды деп айыпталған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болған Жәнібек Айдашев пен оның екі сыбайласы сотталды, деп хабарлайды Астана тв.

Сот материалы сәйкес, аталған бөлім басшысы коммуналдық мекеме директорымен сөз байласып, өзінің досына тиесілі мердігер мекемемен құбырдың жөнделгені туралы жалған құжаттар жасаған. 

Осылайша үш шенеунік  бюджет қаражатын өзара бөліп алған. Сотталушылар кінәні толық мойындап, ұрланған қаражатты мемлекетке қайтарған. Бірақ, жаза күшін жойған жоқ.

"Сот үкімімен Айдашевқа 2 жыл 6 ай, Советоваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың екеуі де өмір бойына мемлекетік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Тілеуғалиге 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау орнатыла отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу