Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе тұрғыны емханада құрсақтағы баласымен бірге көз жұмды

Денсаулық
Ақтөбе тұрғыны емханада құрсақтағы баласымен бірге көз жұмды
скриншот, КТК телеарнасы

Ақтөбе қаласында 41 жастағы Айжан Аязбаева есімді келіншек жүктілігінің 29-аптасында аяқасты қысымы көбейіп, ауырған. Жолдасы Руслан Сырлыбаев жедел жәрдем шақырып, әйелін тексерте бастаған. Алайда, сол күні комаға түскен келіншек 1 желтоқсан күні көз жұмды, деп жазады  Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

«КТК» телеарнасына сұхбат берген Руслан Сырлыбаев сол күнгі жағдайды көзіне жас алып, айтып берген.

«Жүкті болғаннан бері келіншегім ауырмаған. 29 қараша күні әйелімнің қысымы көбейіп кетті. Жедел жәрдем бірінші рет өлшегенде 210, екінші рет өлшегенже 185 болды. Алдымен оған дәрі берді. Кейін магнезия екті. Сол екпеден кейін Айжан қатты қысылып кетті. Құсты. Жедел жәрдемнің фельдшерлері оны зембілге салып, көлікке әкетті», - дейді Руслан.

Көлік ішінде фельдшерлер құрсақтағы баланың жүрек қағысын тыңдаған.

«Жедел жәрдемнің көлігінде жатқанда Айжан ес-түссіз күйде болды. Аузынан көбік ақты. Оны облыстық периниталды орталыққа жатқызып, шұғыл түрде кесір тілігін жасады. Әйелім 13 күн комада жатып, 1 желтоқсанда көз жұмды», - дейді марқұмның жолдасы.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімдемеде өлімнің нақты себебін анықтамаған. Қазір тексеру жүріп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу