freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде алапат дауыл салдарынан ағаштар құлап, жарық сөнді

Қоғам
Ақтөбеде алапат дауыл салдарынан ағаштар құлап, жарық сөнді
Фото: threads әлеуметтік желісінен

Ақтөбеде дауыл ағаштарды құлатып, электр қуатының үзілуіне себеп болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Шамамен сағат 13:30-да қалаға кенеттен қатты жел соқты. Оған найзағай ойнап, қысқа уақытқа созылған нөсер жаңбыр қатар жүрді.

Қала тұрғындарының айтуынша, аулалар мен көшелерде жел ағаштарды тамырымен жұлып әкеткен. Кейбір жағдайларда ағаштар тұрғын үйлердің маңына және жол жиегінде тұрған көліктердің үстіне құлаған.

Ақтөбе әкімдігінің мәліметінше, Қазгидромет деректеріне сәйкес, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу