Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Оқиға
Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Іс материалдары бойынша, Сұлушаш есімімен өңірге танымал әйел науқастарға миллиондап несие алдырған. Қызығы сол, алданғандар қалай басы айналып қалғанын білмейді.

Емшіге қатысты алғашқы сот процесіне келушілер көп болды. 95 адам жәбірленуші деп танылған. Ең қызығы, оның ішінде емшінің ет жақын туыстары да, сыныптастары мен ауылдастары да бар. "Дем саламын" деп, бәрінің басын айналдырған. Жәбірленушілер гипнозда жүргендей күй кештік, несиені қалай алып, қолма-қол қалай санап бергенімізді білмей қалдық деп отыр. Халық емшісінің келтірген жалпы шығын көлемі 406 миллион теңгеден асады.  

"Өзіңе ем алуға келген тұтынушыларға әр түрлі банктен несие алып беруін өтініп, алып берген ақша қаражатын екі ай ішінде толық жауып бере алатын мүмкіндігі бар екенін айтып, сеніміне кіріп, бұның заңмен қуаланатын іс-әрекет екенін біле тұра, қасақана, тікелей пайдакүнем ниетімен алаяқтық, екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау, яғни сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікті иемдену арқылы, алаяқтық жасау арқылы ауыр дәрежелі қылмыс жасаған", - деді мемлекеттік айыптаушы Гүлназым Әлиева. 
Фото: видео кадры

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу