Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде емші өз келушілеріне 100 млн теңге несие алғызған

Қоғам
Ақтөбеде емші өз келушілеріне 100 млн теңге несие алғызған

Ақтөбе қаласында өзін емші ретінде таныстырған әйел 30 шақты адамды түрлі сылтаумен несие алуға көндіріп, олардың қаражатын иемденгені белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz Taulik.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіге қатысты «Аса ірі көлемде алаяқтық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында емші ретінде танылған әйел ем алуға келген азаматтарды сырқат баласын емдетуге, мешіт құрылысына үлес қосуға, сондай-ақ жаңа массаж салонын ашуға қаражат қажет деген сылтаумен несие алуға көндірген. Жәбірленушілердің әрқайсысы 1 миллионнан 18 миллион теңгеге дейін онлайн несиелер рәсімдеп, қаражатты күдіктінің есепшотына аударған. Әйел алынған несиелерді өзі өтейтінін уәде еткенімен, уәдесінде тұрмаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, келтірілген залал көлемі 100 миллион теңгеге жуықтаған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеушілер оқиғаға байланысты қосымша жәбірленушілердің бар-жоғын және күдіктінің ақшаны қандай мақсаттарға жұмсағанын анықтауда.

Фото: myprofession.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу