Ақтөбе облысының тұрғыны тасжолда болуы мүмкін қайғылы жол-көлік оқиғасының алдын алды, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеп.
Оқиға 11 сәуір күні кешқұрым уақытта Қарабұтақ пен Белқопа ауылдарының арасындағы автожолда болған. Қанат Бекжанов дәл осы жолда жеңіл көлігімен туыстарынан келе жатқан.
Ер адам екі жолақты трассада қарсы бағытқа шығып кеткен жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысып қала жаздады.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға назар аударсақ, жүргізуші екі жүк көлігінің ортасынан аман-есен өте шығады.
Желі қолданушылары жүргізушінің әрекетіне тәнті болып, оны нағыз батыр деп атады.
«Періштесі қақты деген осы шығар!», «Кана – каскадер», «Сен мықтысың!», «Базар жоқ түр бермейді екенсіз», «Керемет! Сөз жоқ, қайсарлығыңызға, байсалдылыңызға тәнті болдым», – деп жазды олар.