freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақын Бекжан Әшірбаев дүниеден өтті

Қоғам
Ақын Бекжан Әшірбаев дүниеден өтті
Фото: Жазушылар одағы

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бекжан Төребекұлы Әшірбаев 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы «Ленин жолы» ұжымшарында дүниеге келген.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Сол жылдан бастап аталған білім ордасында қызмет атқарып, журналистика саласына елеулі үлес қосты.

Әр жылдары «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы, «Azamat.kz» қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бірінші орынбасары, «Ел мен Жер» апталығының бас редакторы, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторының орынбасары, сондай-ақ «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Бекжан Әшірбаев Қазақстан Журналистер одағының мүшесі болды. Оның өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Жас қазақ үні», «Azamat.kz», «Парасат» басылымдарында жарық көрді. 2008 жылы «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен «Қоңыр әуен» атты жыр жинағы жарық көрген. Ақынның бұдан өзге де өлең кітаптары бар.

Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы Бекжан Әшірбаевтың туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен қалың оқырман қауымға көңіл айтты.

«Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», – делінген одақтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу