Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әр үйінде тазы өсіретін ауыл

Ұлттық спорт
Әр үйінде тазы өсіретін ауыл

Қарағанды облысы Шет ауданы Кеншоқы ауылының тұрғындары тазы өсірумен айналысады.   Елді мекенінің әр үйінің ауласынан екі-үш тазыны көруге болады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды.  Ауыл тұрғындары саятшылар клубын құрған.   

Кеншоқылық  Асхат Аманбаев 30 жыл бойы қазақы тазы популяциясына қамқорлық жасап келеді және оларға сенімді қожайын тауып берген. 

«Үш-төрт жыл бұрын менде 80 тазы болды. Күшіктермен бірге олардың саны 300-ге жетті. Уақыт өте келе оларды достарыма, туыстарыма тарата бастадым. Асыл тұқымды тазылар - біздің жеті қазынамыздың бірі. Олар әр үйде болуы керек. Қазір менде тек 30 тазы бар. Оның бірнешеуі – 2018 жылы Таразда өткен Халықаралық жарыстың Гран-при иегерлері», – дейді Асхат Аманбаев.

Тазы иттерін өсірумен айналысатын Асхат Аманбаев

Қазақ тазысы өзінің ерекше мінезімен танымал. Тазылар тіпті өзінен екі есе үлкен аңдардан да қорықпайды. Олар қоян мен қасқырды оңай аулайды.  Асхат асыл тұқымды иттерді өсіру оңай емес екенін мойындайды.

«Бала күнімнен осы тазыға құмармын. Баяғыда осы ауылда керемет аңшылар болған. Сол кісілерге қарап еліктедік, тазыларын көріп қызығатынбыз. «Шіркін, менде де осындай иттер болса» деп армандайтынбыз. Сол кісілерден тұқымын алдық. Тазы өзі екі түрге бөлінеді ғой. Шашақ құлақты, жарғақ құлақты болып. Біздің тазылар шашақ құлақтысына жатады. Жеңіл болу керек, тықыр болу керек, құлағы шашақты, құйрығы доғал, кеудесі кең», – дейді тазы өсіруші.

Кеншоқы тұрғындары тек тазы өсірумен ғана емес, оларды танымал етумен де айналысады.  Ол үшін жергілікті тұрғын Диас Мейірханов инстаграм  парақшасынан қазақ тазысы жанкүйерлерінің клубын ашқан. Қазір оған төрт мыңнан астам адам қосылған. Парақшада аңшылық бейнежазбалар жарияланып, тазыларға   дұрыс күтім жасау жолдары көрсетіледі.      

Фото ауыл тұрғындарының жеке мұрағатынан алынған

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу