freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әсет Матаев үйқамаққа шықты

Қоғам
Әсет Матаев үйқамаққа шықты
КазТАГ

КазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаев үйқамаққа шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін 2 айға қамауға алынған Матаевтың апелляция нәтижесінде үйқамаққа шыққанын оның адвокаты Елена Жигаленок мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін КазТАГ ақпарат агенттігінің директоры Әсет Матаевқа топ болып шабуыл жасалған, басына зақым келгенін адвокат Рена Керимова мәлімдеген еді.

Әсеттің айтуынша, оған бірнеше таныс емес адамдар тарапынан провокация жасалған. Ол достарымен Достық даңғылы бойындағы бардан шығып, таксиге бет алған, бірақ жолда белгісіз ер адамдармен кикілжің туындаған. Шамамен 5-6 адам оған шабуылдап, соққы жасаған..., – деп жазған еді Керимова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқиғаға байланысты «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры алаңдаушылық білдірді. Қор мәліметінше, Матаевқа белгісіз бір топ адам шабуыл жасап, салдарынан ол ауыр жарақат алған.

Адвокаттың айтуынша, журналистің басы жарылып, сүйектері сынған және түрлі дене жарақаты тіркелген. Оқиға бойынша полиция «бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғап, қатысушылардың барлығын ұстаған.

«Әділ сөз» қоры бұл жағдай журналистің қоғамдық мәртебесін ескере отырып, ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті. Ұйым сондай-ақ бұл оқиғаның журналистердің кәсіби қызметіне әсер етуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды...

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу