Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана әуежайы жолаушылардың жүгін сатады деген ақпарат тарады

Қоғам
Астана әуежайы жолаушылардың жүгін сатады деген ақпарат тарады

Қазнетте Астана халықаралық әуежайы атынан жүк сату туралы жарнама тарады. Жарнаманың хабарламасында әуе айлағындағы қойманы иелері алып кетпеген, жоғалтып алған жүктен босату керек екен.

Жүкті сатып алу үшін сілтеме бойынша өтіп, 1060 теңге төлеу қажет. Бұл алаяқтардың ісі екені анық.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жалған жарнамаға қатысты түсініктеме берді.

- Астана халықаралық әуежайы жолаушылар жоғалтқан жүк сатылмайтынын немесе үшінші тұлғаларға берілмейтінін хабарлайды. Егер сіз елорданың әуежайына әкелінген және қалаға кезде алмаған жүгіңізді жоғалтсаңыз, ол бір ай бойы қоймада сақталады. Осы мерзім өткен соң, иесі табылмаса, иесіз чемодандар бастапқы жөнелту пунктіне жіберіледі. Жолаушылардан қырағылық танытып, ықтимал алаяқтық әрекеттерден сақ болуды сұраймыз, – деп хабарлады елордалық әуежайдың баспасөз қызметі.

Дереккөз және фото: stopfake.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу