Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана әуежайын су басты: желіде видеолар тарады

Оқиға
Астана әуежайын су басты: желіде видеолар тарады

Әлеуметтік желілерде Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында болған су тасқынының видеолары тарады, – деп хабарлайды Tengri Travel.


Кадрлардан судың құбырдан қатты қысыммен атқылап, айналаны түгел суға толтырғаны байқалады. Тағы бір видеода су қабырға ішіндегі қаптамадан сыртқа шығып жатыр. Комментарий жазғандар бұл халықаралық терминал екенін айтуда.

Әуежайдың баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады. Ресми мәліметке сәйкес, 27 шілде күні сағат 19:36-да халықаралық терминалдың бірінші қабатында жауын суын ағызатын құбыр жарылған.

Ақау 12 минут ішінде мамандардың көмегімен жойылған.

Оқиға әуежайдың жұмыс кестесіне әсер етпеген – рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы тіркелмеді. Жұмыс қалыпты режимде жалғасуда.

Фото: видеодан скрин 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу