Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана ауруханасында дәрігер салғырттығынан сәби күйіп қалды

Денсаулық
Астана ауруханасында дәрігер салғырттығынан сәби күйіп қалды
видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Астанадағы ауруханада ем қабылдау кезінде 9 айлық сәбиді күйік шалған.  Бұл жөнінде Azattyq Rýhy хабарлады. 

Баланың анасының айтуынша, қызы пневмония диагнозымен №3 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Нәресте жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Әйел медициналық қызметкерлердің салғырттығы салдарынан баланың аяғы күйіп қалғанын мәлімдеді.

Анасы медициналық қауіпсіздік талаптары сақталмағанын, сәбидің жағдайына тиісті бақылау болмағанын айтады. Ол ресми тексеру жүргізіп, кінәлілерді тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тартуды талап етіп жатыр.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Azattyq Rýhy редакциясына берген түсініктемесінде бұл дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын айтқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу