Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Астана» мен «Челси» арасындағы матч билеттері сатылымға шықты

Спорт
«Астана» мен «Челси» арасындағы матч билеттері сатылымға шықты

Матчқа деген қызығушылық танытқандар көп болуына байланысты билет сату бойынша бірқатар қауіпсіздік шарттары қарастырылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Елордалық клубтың мәлімдеуінше, бір қолға максимум 4 дана билет сатылады: сатып алу электрондық пошта, телефон нөмірі және несие картасын тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Билеттер жеке тұлғаға рәсімделеді, тапсырыс беру кезінде әрбір келушінің деректерін енгізу қажет, матчқа барған кезде өзімен бірге растайтын құжат болуға тиіс. Матчқа қатысу құқығын беретін QR коды бар электрондық билет матч күні электрондық поштаға жіберіледі. Онлайн кезек іске қосылуы мүмкін.

Айта кетейік, УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінің матчы 12 желтоқсанда, сағат 20:30-да Алматының «Орталық» стадионында өтеді.

Фото: скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу