freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана-Қарағанды тас жолында 7 көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Оқиға
Астана-Қарағанды тас жолында 7 көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Gov.kz

Ақтүтек боран салдарынан елдің негізгі магистральдарының бірінде ірі жол-көлік оқиғасы болды. Жеті автокөлік бірімен бірі соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір жүргізуші жарақат алды. 

Жол-көлік оқиғасы 10 наурыз күні сағат 11:00 шамасында Астана — Қарағанды автожолында, Ошағанды кенті маңында, Қарағанды бағытында болды. 

Алғашқы ақпаратқа сәйкес, трассаның 147-ші километрі шамасында жеті көлік соқтығысқан.

Апатқа ауа райының күрт нашарлауы ақ түтек боран себеп болған. Сол учаскеде ауа райының қолайсыздығынан жол мүлде көрінбей қалған.

Полиция деректеріне қарағанда, соқтығыс тізбек реакциясымен болған. Алдымен Chevrolet Nexia көлігі жүріп келе жатып, Chery Tiggo автокөлігімен соқтығысқан. Кейін кроссоверге Toyota Land Cruiser соғылған. Одан кейін жол талғамайтын көлікті жүк көлігі соққан. ҚазАвтоЖол қызметтік пикапы мен УАЗ Hunter автокөлігі де жол апатына ұшыраған.

Апат салдарынан Toyota Land Cruiser автокөлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты.

Сонымен қатар, УАЗ Hunter жүргізушісі зардап шекті. Ол медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Диагноз нақтыланып жатыр.

Аталған көліктер жол қозғалысына шектеу енгізілгенге дейін жолға шыққан.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері және жедел медициналық көмек бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қажетті тергеу және процессуалдық шаралар жүргізіліп, апат себептері анықталып жатыр.

Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерді ауа райын қатаң ескеріп, жол қозғалысына қойылған шектеулерді сақтау қажет деп ескертеді. Боран мен көрініс нашар болған кезеңде елдімекендерден тыс жолдарға шықпаған жөн, себебі бұл жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін, — деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу