freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана – Щучинск тасжолында жүргізуші рөлде ұйықтап, жол апатына түсті

Қоғам
Астана – Щучинск тасжолында жүргізуші рөлде ұйықтап, жол апатына түсті
Фото: видеодан скрин

15 тамыз сағат 08:43-те Астана – Щучинск автожолындағы «Астана» ақы алу пунктіне кіреберісте Toyota Land Cruiser Prado көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлде ұйықтап кеткен. Соның салдарынан көлік басқарудан шығып, үшінші және төртінші жолақтардың арасындағы жол инфрақұрылымына соғылған.

Оқиға кезінде жүргізуші көлікте жалғыз болған. Зардап шеккендер жоқ, ол медициналық көмектен бас тартқан.

Апатқа байланысты үшінші және төртінші жолақтардағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. Жолдағы жағдай ретке келтірілгеннен кейін сағат 11:34-те қозғалыс қайта жанданды.

Алдын ала мәлімет бойынша, соқтығысу салдарынан жол белгісі, жолақтарды бөлетін қорғаныш буфері және бетон блок зақымданған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу