freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана тұрғыны дәрігер қателігінен жатырынан айырылған

Денсаулық
Астана тұрғыны дәрігер қателігінен жатырынан айырылған
скрин

Астана тұрғыны 20 жастағы сіңлісі дәрігерлердің салғырттығынан жатырынан айырылып қалғанын айтып шағымдануда. Айтуынша, оны кесар тілігімен босандырғаннан кезде дәрігерлер инфекция түсірген. Алайда кейін жас ананың жоғары дене қызуына қарамастан үйіне шығарып жіберген. Бұл туралы Malim.kz  Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды. 

Астаналық ару сіңлісінің басынан өтіп жатқан ауыр жағдай туралы желіде бөлісті. 

“Мен мұны жазып отырмын, өйткені үнсіздік біреудің өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сіңлім Астана қаласындағы қалалық перинаталдық орталықта кесар тілігі арқылы босанды. Дәрігерлер операция жасады. 

“Ол клиникада жатқанда-ақ дене қызуы жоғары болған. Бұл операциядан кейінгі инфекцияның белгісі болуы мүмкін. Соған қарамастан, оны үйіне шығарып жіберген”, – деді тұрғын. 

Астаналық сіңлісі үйге шыққан соң 48 сағаттан кейін жағдайы нашарлап, жедел түрде облыстық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.

“Ол жақта дәрігерлер операциядан кейін ауыр инфекция түскенін айтты. Таңертеңнен кешке дейін дәрігерлер кеңес өткізіп сіңлімнің жағдайына шешім іздеді. Бізге ашық түрде оны жоғалтып алуымыз мүмкін екені айтылды.

Сағат 18:30-да оны шұғыл түрде операцияға алып кетті. Өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер жатырын алып тастауға мәжбүр болды. 20 жасында. Қазір ол №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда өмірі үшін күресіп жатыр”, – деп қосты ол. 

Осы жағдайдан соң бойжеткен сіңлісінің жағдайына неге дәрігерлердің назар аудармағанын сұрап, перзентханаға барған. Алайда мардымды жауап ала алмапты.   

“Олар жауаптың орнына бізбен сөйлесуден бас тартты, бұл оқиға туралы жарияламауды сұрады. Ал видеоға түсіргенімде дәрігер бетін жауып отырды. Телефонды тартып алуға тырысты және болған жағдайды тіркеуге кедергі келтірді.

Мұның бәрі видеоға түсірілген. Біз тексеру аяқталмайынша нақты қорытынды жасамаймыз. Біз әділ, ашық және тәуелсіз тергеу жүргізілуін талап етеміз. Себебі отадан кейін дене қызуының көтерілуі — қалыпты жағдай емес. Жас қыздың өмірін қатерге тікті. Бүгін бұл жағдай біздің отбасымызда болып тұрса, ертең сіздерде де болуы әбден мүмкін”, – деді ол.

Астаналық тұрғынның айтуынша, қазір сіңлісінің жағдайы ауыр. Оған ешқандай жақындарына кіруге рұқсат бермеген. Алайда перзентхана тарапынан өкілдер мен заңгерлер барып, шағымданбауға көндірмек болған екен. 

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы “Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Басқа ештеңе айта алмаймыз”, – деп хабарлаған. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу