freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана тұрғынын ұрлап әкеткен шетелдік алты азаматқа сот үкімі шықты

Оқиға
Астана тұрғынын ұрлап әкеткен шетелдік алты азаматқа сот үкімі шықты
Ашық дереккөзден

Орта Азия елдерінен келген алты адам Астана тұрғынын күшпен ұрлап, қала аумағынан алып шыққаны үшін және оның 80 мың теңгесін күштеп алған, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған оқиғаға қатысты Сарыарқа» ауданының прокуратурасы мәлімдеме жасады. Оларға қатысты іс адам ұрлау және өзбетінше билік ету баптары бойынша қаралған көрінеді. 

«2024 жылдың 9 желтоқсаны күні алты адамның бірі «істеген жұмысымның ақшасын төлемедің» деп, Астана тұрғынынан 80 мың теңгесін күшпен өзіне аударып алған. Кейін алдын ала сөз байласқан адамдар тобы пайдакүнемдік ниетпен күш қолдану арқылы оны Астана қаласының аумағында ұрлап әкеткен», - деді прокуратура.

Сотта прокурор алты адамның кінәсін дәлелдеп, оларға ауыр жаза тағайындауды сұраған.

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен бес адам алдын ала сөз байласқан адамдар тобының пайдакүнемдік ниетпен адам ұрлағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, тағы бір адам осы қылмысқа көмектесіп, өз бетінше билік еткені үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», - деп жазылған прокуратура мәліметінде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу