Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне өтті 

Экономика
Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне өтті 

Terminals Astana Airport Management араб компаниясы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акцияларының 100%-ын Астананың коммуналдық меншігіне берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Компаниямен жасалған сенімгерлік басқару шарттың мерзімі 7 қаңтарда аяқталған. Бұл шарт 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.

Қала әкімдігі бұл компаниямен жаңа шарт жасасуға дайындық жүріп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, 2023 жылы қарашада Астана халықаралық әуежайы инвестор Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастаған еді.

Шетелдік инвестор алдына ұшу-қону жолағын толық жөндеу, аэровокзал кешенін жөндеу, алаңқайда үлкен аквахаб құру міндеттері қойылған еді. 

Фото: nn-airport.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу